Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Санатұлы Қрықбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатын өткізудің ақпараттық негізі Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы міндеттердің Т.Рысқұлов ауданында жүзеге асыру барысы туралы болды.
Биылғы жылғы Елбасы Жолдауында Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жүйелі түрде жаңғыру кезеңіндегі нақты шаралар бағдарламасы айқындалған. Президент Жолдауда барлық әлеуметтік және экономикалық саланың жаңа мүмкіндіктерді ашатын 10 негізгі міндетті белгіледі.
БІРІНШІ БАҒЫТ Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Ауданда индустрияландыру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. 2018 жылы ауданның өнеркәсіп саласындағы өнімі мен көрсетілген қызмет көлемі 7 млрд. 962,0 млн. теңгеге жоспарланып, жалпы физикалық индекс көлемін 103,2 % орындау көзделген. Ауданда өнеркәсіп саласының ішінде ірі кәсіпорындардың жұмысы арқылы өнім көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік бар. Биылғы жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін ұлғайту мақсатында үш жобаны іске асыру міндеті тұр:
1. 2018 жылы «BioEnergia» ЖШС-не құны 3,3 млрд.теңгеге бағаланатын 4,95 МВТ «Биогаз электр станциясы» жобасын іске асыру мақсатында электр қуатын өндіру, жылу шығару және минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін 20 га жер телімі бөлініп, қосымша жоба іске асырылғанда, инвестор 10 га жер теліміне құны 9,0 млрд.теңге болатын «Жылыжай» салу жоспарланып отыр.
2. «Aguila Solar» ЖШС-нің Құлан ауылы маңында қуаттылығы 24 МВТ күн сәулесі қуатынан шығарылатын электр өндіру станциясын іске қосу үшін жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 16,0 млрд.теңгеге бағаланған. Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні барлық жобалау құжаттары 100 % дайындалды.
2018 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша 2990,2 млн теңгенің өнімі шығарылып, өнім көлемі-102,0%-ға ұлғаяды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Жолдауда білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Осыған орай ауданда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалының бастамасымен Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінде «IT- кабинеті» ашылды. «IT –кабинет» тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады. Класс – заманауи компьютерлермен, 3D принтер, проектормен, жоғары жылдамдықтағы интернет және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Мұнда оқу америкалық STEM әдісі бойынша жүргізіледі. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар «Робототехника» үйірмесі мүшелеріне қажетті құрал-жабдықтар қойылған.
ЕКІНШІ БАҒЫТ «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту»
А.Қрықбаевтың айтуынша, бұл бағыт бойынша ауданда «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру немесе сатып алу» бағдарламасы бойынша 551644,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 509891,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 32069,0 мың теңге облыстық бюджеттен Құлан ауылының «Арай» тұрғын үй алқабында электр желісінің құрылысын салуға бөлінген (2017 жылы — 25000,0 мың теңге игерілді).
Облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Құлан ауылының «Арай» тұрғын үй алқабына газ желісінің құрылысы жүргізілуде. Луговой ауылының 1-ші және 2-ші кезектегі тұрғын алқабына шағал тас төселмек. Оған облыстық бюджеттен 108000,0 мың теңге бөлінген. Луговой ауылындағы 1-2 кезектегі тұрғын алқабына электр желісінің құрылысын салу нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қарауына жолданды.
ҮШІНШІ БАҒЫТ «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Әлемдік тәжірибеде кең қолданылатын «ақылды технологиялар» құралдарын өмірге енгізу, күнделікті пайдалануға қол жеткізу-басты талап. Жаңарған заманауи технологияларды пайдалану арқылы өмір сапасын арттыру қажет. Бұл барлық салады көрініс табуы тиіс. Мысалы, ауданда 143 623 га егістік алқаптың 3455 га ғана, яғни 2,4 % суармалы алқап ретінде тіркелген.Оның ішінде күздік бидай 36014 егілсе (тапсырма-34000га), жаздық арпа 45 754 га (2017ж-42242га), жаздық бидай 3 200 га (2017ж-3194га), майлы дақылдар 16 915 га (2017ж- 16015), қант қызылшасы 500 га (2017ж-402га), картоп 500га (2017ж-500га), көкөніс 400га (2017ж-400га), бақша 100га (2017ж-100га), көп жылдық шөп 9720 га (о.і:6720га ескі жоңышқа), қосымша 30 520 га жерге пар жыртылады. Ауылшаруашылығында өнім көлемін арттыру, шаруалардың еңбегін жеңілдету, сапаға қол жеткізу мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Т.Рысқұлов Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасалуда. 2017 жылдың қараша айында 2018 жылдың өніміне 100 гектар қант қызылшасын тамшылатып суғару әдісімен отырғызатын «Нұрдәулет» шаруа қожалығының және «Жасмин» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің егістік алқаптарынан топырақ құрамын алып, зерттеу жүргізуде. 2019 жылдан бастап, масақты дақылдар алқаптарын азайтып, орнына өнімділігі мол, өзіндік құны жоғары соя, бұршақ дақылдарын өсіруді қолға алып, майлы дақылдар алқабын ұлғайтып, қант қызылшасы алқабын 2000 га жеткізу көзделуде. Бұл мақсатта Қазақ Ұлттық аграрлық Универститеті мен «НұрТау-ӘулиеАта» ЖШС-і арасында 2019 жылдан бастап 1000 гектарға ылғал сақтау арқылы соя дақылын отырғызуды қолға алу бойынша бизнес-жоспар жасалған.
ТӨРТІНШІ БАҒЫТ Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Ауданда 21 елдімекеннің 38 көше жолдарының 31,4 шақырымын 328,8 млн.теңгеге және 5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 50,8 шақырымын 687,4 млн теңгеге барлығы 1016,2 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Есепті мерзімде 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыстары аяқталды: «Луговое-Воинская часть» 9,5 шақырымға 136178,9 мың теңгеге және «Каменка- пионер лагерь» 12 шақырымға 181279,3 мың теңге қаражат мөлшерінде жұмыстар жүргізілді.
Үш аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделуде:
— «Қорағаты- Мамыртөбе» 23,0 шақырым жолының 10 шақырымы жөнделді, бөлінген қаражат- 251696,0 мың теңге.
— «Көгершін ауылына баратын автомобиль жолы» 7,2 шақырым жолының 3 шақырымы жөнделді, бөлінген қаражат -75757,9 мың теңге.
— «Құлан-ст.Луговая» 7,2 шақырым жолының 3,2 шақырымы жөнделді, жалпы жолға бөлінген қаражат 379614,5 мың теңге (2018 жылға 150000,0 мың теңге) нысан 2019 жылға өтпелі.
БЕСІНШІ БАҒЫТ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Президент құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану, ғимараттардың сапасы, үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықталуы қазақстандықтардың тұрмыстарын жақсартады дейді. Ол үшін, Елбасы заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін, әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керектігін және ауылдық елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыру қажеттігін айтты. Ал ауданда осы жылы бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда:
Құрылыс саласы бойынша апатты жағдай санатындағы мектеп орнына Жалпақсаз ауылында 48 оқушы орындық бастауыш мектеп құрылысын жүргізуге 338 млн. теңге қаражат бөлініп, жаңа мектеп салынуда.
Елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша Луговой ауылында (жобалық құны- 1 млрд. 190 млн. теңге) ауыз су жүйесінің құрылысы басталды. Құмарық, Жарлысу, Тасшолақ, Бәйтелі, Әбжапар ауылдарында ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, Құлан ауылы «Арай» тұрғын үй алқабында 80 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаты дайындалуда.
АЛТЫНШЫ БАҒЫТ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту»
Елбасы: «Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс»-деген болатын.
Ауданда екінші деңгейлі «Халық банкі» АҚ-ның филиалы, «KMF» банк халыққа қызмет көрсетуде. «Халық банк» басқармасы халыққа несие беру, айлық жалақы, зейнетақы, жәрдемақы таратумен айналысып, түрлі қаржылық аударымдар мен төлемдер қабылдайды. Аудан көлемінде 8 банкомат, 1 мультикиоск және 2 төлем терминалының қызметін ұсынады. Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша аптасына бір рет «Ашық есік күні» консультациялық кеңес береді.
ЖЕТІНШІ БАҒЫТ. Адами капитал – жаңғыру негізі
Білім берудің жаңа сапасы.
Білім беру саласына жыл сайын қомақты қаржы бөлінуі де көп жайтты аңғартқандай. 2018 жылы білім бөлімінің бюджетіне барлығы 5 млрд. 606741 мың теңге қаралып, білім беру нысандарының материалдық – техникалық базасын нығайтуда біршама жұмыстар атқарылуда. Пән мұғалімдері мен оқушылар үшін ауданда ақпараттандыру қызметі жоғары деңгейде жолға қойылған, 30606,0 мың теңгеге 18(46,1%) «Робототехника» кабинеттері алынды. Мектептерді Wi-Fi желісімен жарақтандыру мақсатында 17980,0 мың теңге бөлініп, 26 мектепке тартылды. Аудандағы мектептердің барлығы кең жолақты Интернет желісіне қосылып, үздіксіз жұмыс атқаруда. Жалпы компьютерлер саны–2220, 1 балаға шаққанда компьютер саны-6 (облыста-10 оқушы) айналып отыр.
2018 жылы 40 мектепті «Bilimland» электронды білім беру платформасымен қамтамасыз ету үшін 7600,0 мың теңге бөлінді. Жаңа 2018-2019 оқу жылында аудандағы барлық мектеп «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесімен жұмыс жасайды.
Ауданда 18 балабақша мен 16 шағын орталық жұмыс атқарып, балабақшада 2007 бала, шағын орталықта 815 бала, барлығы 2822 бала мектепке дейінгі мекемемен қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында-45,8, 3-6 жас аралығында-79,6 %. Ағымдағы жылы 2 жеке меншік балабақша, 3 шағын орталық ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі артты.
Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.
Адами капиталдың бір көрсеткіші – денсаулық. Елімізде өмір сүру ұзақтығы 4,5 жылға артып, орташа өмір сүру жасы 72,5 жасқа жеткені белгілі. Бұл- мемлекет тарапынан жүйелі түрде жасалған қамқорлықтың көрінісі.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір цифрландыру және IT сервистерді дамыту ерекше маңызға ие. Осы міндеттер шеңберінде ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізу қажет. Осы жұмыстар аясында аудандық ауруханаға 2017 жылы 32 компютер алынып, 3 млн 546 мың теңге жұмсалды, нәтижесінде 142 жұмыс орны, яғни барлық дәрігерлік амбулаториялар компьютерлендірілді.
Аудандағы Өрнек дәрігерлік амбулаториясы (сметалық құны- 37 млн 804 мың теңге), Қорағаты ФАП (сметалық құны- 28 млн 274 мың теңге), Малдыбай медициналық пункті ( сметалық құны -18 млн 961,7 мың теңге) күрделі құрылыс жүргізілетін болады. Мамайқайыңды, Шолаққайыңды, Қарақат ауылдарында медициналық пунктердің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының І бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» ағымдағы жылы кәсіби даярлау оқуына 322 адам оқытылады деп жоспарланып, 54334,0 мың теңге қаражат бөлінген. 240 азамат түрлі мамандықтар бойынша оқуға жіберіліп, 198 адам оқуын аяқтап, 15 адам тұрақты жұмысқа жолданды.Жалпы бөлінген қаражаттың 32982,0 мың теңгесі игерілді.
Бағдарламаның ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 57 адам несие беру, кәсіпкерлік негіздері оқуға 234 адам оқыту жоспарланып, аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 130 азамат(оның ішінде 95 азамат оқуын аяқтады) оқытылуда.Микрокредиттік ұйым арқылы бағдарлама аясында 83 азамат 300900,0 мың теңге несие алып, 18 қосымша жұмыс орнын ашты.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ағымдағы жылы Жастар практикасына 189 жас түлек жұмысқа жіберіледі деп жоспарланып, республикалық бюджеттен 100 азаматқа 36075,0 мың теңге қаражат бөлінген, игерілгені-312671,0 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен 18 азаматқа 6100,0 теңге қаражат бөлініп, игерілгені-5800,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 79 жұмыс берушіден жұмыс орындарына өтінімдер жинақталып, 145 жас түлектер жұмысқа жіберіліп, 29 тұрақты жұмысқа орналасты .
Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 60 азаматқа 12638,0 мың теңге қаражат, игерілгені-7702,0 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен 20 азаматқа 3900,0 мың теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда игерілгені -1582,0 мың теңге. Кешенді жоспар бойынша 100 азамат әлеуметтік жұмыспен қамтылады деп жоспарланып, 100 азамат жұмысқа жіберілді.
СЕГІЗІНШІ БАҒЫТ. Тиімді мемлекеттік басқару.
Елбасы Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды, өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашу керектігін тапсырды.
Осыған байланысты аудан әкімдігі аппараты да ҚР Қызмет істері және сыбайцлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен тығыз байланысты шаралар атқаруда.Тоқсан сайын барлық округтер мен бөлімдерде жоспарлы шаралар өтуде, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша жұмыстар жүруде.
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген. 2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді. Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді», — деді Мемлекет басшысы.
Ауданда 15 ауылдық округ өз жұмысын жаңа бағытта бастап кетті, нәтиже де зор. Ауылдық округтерде қордаланған проблемалар кезең-кезеңімен өз шешімін табуда. Дербес бюджетті елдімекен қажетіне жаратуда округтерде Қоғамдық кеңес мүшелерінің, қауымдастық мүшелерінің рөлі зор.
ТОҒЫЗЫНШЫ БАҒЫТ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
«Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек» — деп баса айтты Елбасы.
Жолдауда көрсетілген бұл тапсырма да өз кезегінде орындалуда. Аудандағы барлық білім мекемелеріне бейнебақылау қондырғысы орнатылған, адам көп шоғырланатын ауылдық мешіттердің 30-нда бейнебақылау бар. Аудан орталығы Құлан ауылының басқы көшесі бейнебақылаумен жарақтандырылған.
ОНЫНШЫ БАҒЫТ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Мемлекет басшысы: ««Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады, — деді.
«Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын. Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады», — деп Мемлекет басшысы өз Жолдауында.
Ауданда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын елдімекендерде түсіндіру мақсатында 25 адамнан тұратын 5 ақпараттық топ құрылған.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық топ мүшелері ағымдағы жылы елдімекендерде 72 кездесу, 12 жиын, 8 дөңгелек үстел отырсын өткізді.
Елбасы Жолдауы бойынша БАҚ бетінде 96 мақала жарияланды. /Аудандық «Құлан таңы» газетіне — 56 мақала, «Ақ жол» облыстық газетіне — 27 мақала, «Арай» облыстық жастар газетіне – 8 мақала, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде – 1 мақала, «Уақыт талабы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық, құқықтық газетіне – 2 мақала, «Знамя труда» облыстық газетінде – 2 мақала / жарияланған.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша аудан бойынша да жұмыс ауқымы артып келеді, бүгінгі күнге 319 іс-шара өткізілген.
Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша І,ІІ жартыжылдықтарға медиа-жоспар бекітілген, есепті кезеңде 139 мақала жарияланған. «Құлан таңы» газетінде арнайы айдар ашылып, «Рухани жаңғыру» бойынша мақалалар тұрақты берілуде. Аудан әкімінің ресми сайтында 193 материал, Фейсбук әлеуметтік желісінде 545 пост, Инстаграм әлеуметтік желісінде 465 пост жарияланды.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ақпараттық сүйемелдеуге арналған елдімекендерде 2018 жылдың қаңтар – тамыз айларында 45 баннер, 73 билборд, 15 брендмауер, 12 керме, 7 заманауи үлгідегі ақпараттық лайтбокс орналастырылды.
Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің кіші залынан «Рухани жаңғыру» Жобалық офисі ашылса, 33 мектепте «Рухани жаңғыру» бойынша арнайы кабинет пен орталық, 10 бұрыш ашылып, жұмыс атқаруда.
Бағдарлама аясында арнайы аудандық «Құлан таңы» газетінің қосымшасы ретінде «Киелі өңір» атты қоғамдық-танымдық газетінің 17 нөмірі жарыққа шығып, атқарып жатқан жұмыстары мен танымдық материалдар жарық көруде деп, — қорытындылады аудан әкімі.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X