Өздеріңізге мәлім болғандай, 2018 жылдың 20-21 шілдесі аралығында Қордай ауылында қоғамдық резонанс тудырған пайдакүнемдік ниетпен жасалған бірқатар қарақшылық шабуыл қылмысы ашылды.
Аталған қылмыстың бірі ерлі-зайыптыларға қатысты, оның ішінде ер азамат алған әртүрлі ауыр дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болған, ал екінші дерек 1953 ж. т.азаматшаға қатысты.
Қазіргі таңда, осы қылмыстарға қатысы бар барлық күдіктілер ұсталды.
Тергеу барысында жәбірленушілерге тиесілі жеке заттары айғақ ретінде алынды.
Тергеумен анықталғандай, ұсталғандардың екеуі ауыр, аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін бұрын сотты болған және Қордай ауданының тұрғындары болып шықты. Олар Алматы қаласында уақытша тұрған.
Біріншісі 40 жаста, екіншісі 34 жаста, үшінші күдікті Алматы қаласының тұрғыны, 27 жаста, сотталмаған. Барлығы отбасылы.
Күдіктілер өз кінәлерін толық мойындап, Қордай АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты толық мәліметтер әзірге жарияланбайды.