ТАРАЗДА СРАЙЫЛ СМАЙЫЛ МЕН НАРТАЙ АРАЛБАЙҰЛЫ ШЕБЕРЛІК — САБАҚТАРЫН ӨТКІЗБЕК

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастайтынын жариялайды. Отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форумдарда жас журналистерге арнап шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізеді.
Жоба мақсаты – еліміздің журналистика саласын дамыту. Аталған форумдар 11 қыркүйекте Тараз қаласында, 16 қыркүйек — Алматы, 25 қыркүйек – Семей, ал 5 қазанда Астана қаласында өткізіледі. Қатысушылар – 14 пен 29 жас аралығындағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар.
Форумдарды келесі спикерлер өткізеді: Мәжіліс депутаты, тележүргізуші және журналист Артур Платонов, «Қазақстан» РТРК-нің басқарма төрағасы Ерлан Карин, «Informburo» бас редакторы Михаил Дорофеев, «КТК» АҚ бас директоры Дәурен Меркеев, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл және «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС бас директоры Александр Нездемковский.
Жоба 3 кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау – іріктеу кезеңі; аймақтық форумдар; қорытынды республикалық форум. Нәтижесінде 500-ге жуық жас журналистерді оқытып, менторлық көмек көрсету арқылы журналистік жолдағы прогрессін бақылау көзделген.
Жұлдызды десант баратын бірінші қала – Тараз қаласы. 11 қыркүйекте М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Jas Qalam» жобасының тұңғыш форумы өткізіледі. Қатысуға барша жас журналистер мен аталған мамандыққа қызығушылығы бар жастарды шақырамыз.
Толық ақпаратты жоба жетекшісі Сыздықова Аидадан 8 747 674 48 36 байланыс телефоны бойынша алуға болады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X