Екінші қыркүйекте, таңғы 04:30 шамасында Тараз қаласы Қазыбек би көшесінде орналасқан «Барбарис» кафесінің маңында бір топ азаматтардың арасында жанжал орнап, нәтижесінде 23 жастағы азамат көптеген жарақат алған.
Жәбірленуші №1 қалалық ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Жабық бас сүйек-ми зақымы -23 жастағы азаматтың өлімінің алдын ала себебі болып отыр.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Тараз қаласының 21-22 жастағы үш тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Сонымен қатар әр күдіктінің қылмыс жасау барысындағы әрекеті түскен бейнематериал да тергеушілердің қолында. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.