Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында басқарма басшысы ведомствоның 2018 жылға негізгі жетістіктері туралы баяндап, алда тұрған жоспарлармен бөлісті.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Спикердің ақпараты бойынша, Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың 034 га, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн. 357 мың 123 мың га. Орман қоры жерлері облыс жер аумағының 30,8 пайызын, ал орманды жерлері 15,47 пайызын алып жатыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі «Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры аумақтарының және оларға жақын орналасқан ауыл округі жерлерін өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, өрттің алдын алу жөніндегі 2018 жылға арналған бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары» жасалып облыстық комиссия төрағасы-облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековпен бекітілген.
Жоспарға сәйкес, әр ауданда мемлекеттік орман қоры аумағында және оған шекаралас ауыл округі жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы қызмет және төтенше жағдайлар бөлімдерімен бірлескен профилактикалық іс-шаралары жоспары аудан әкімдерімен бекітілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған басты іс-шараларының жоспары бекітілді.
Жоғарыдағы іс-шараларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңі басталғанға дейін барлық мемлекеттік мекемелердің өрт сөндіру топтарының жасақтарымен, орман шеберлерімен және орманшы күтушілерімен, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге өрт сөндіру оқу-тәжірибелік жаттығулары өткізілді.
Басқармаға қарасты 14 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелердің жанынан өрт сөндіру станциялары құрылып, құрамы 9 адамнан тұратын, барлығы 126 бірлік жасақтар бар және арнайы өрт сөндіру автомашинасымен және өрт сөндіру құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Табиғат өртінің жылдам таралуына тосқауыл қою мақсатында орман қоры аумағында өртке қарсы – 9000 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жоспарланып, уақытымен аяқталды – деді, спикер өз сөзінде.
Орман-дала алқаптарында халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге бағытталған үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Орманға жақын орналасқан елді мекендердің төңірегінде және үлкен жол бойларында өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша 208 тақтайшалар, 38 панно орнатылды.
Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» № 18-02/664 бұйрығының талабына сай 41,6 пайызды құрап отыр.
2018 жылы облыстық бюджеттен орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында 225,0 млн. тенге бөлініп, қажетті техникалар алынды. Сол себептен, бүгінгі күні орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы пайыз құрап отыр.
Жануарлар дүниесі және балық шаруашылығы
Жергілікті бюджеттен жыл сайын жануарлар дүниесін қорғау іс-шараларына қаржы бөлініп тұрады. Ағымдағы жылы 7,4 млн. теңге бөлінді.
Бұл қаржыға мемлекеттік орман қоры аумағында мекендейтін аңдар мен құстардың есебі алынуда, биотехникалық т.б. іс-шаралар жүргізілуде.
Атап көрсеткенде, зиянкес жыртқыш аңдардың кейбір түрлерінің (қасқыр, шиебөрі, тағы басқара) санын реттеу үшін 2013 жылдан бастап жүйелі түрде қаржы бөлінумен келеді. Бұл жерде олардың саны билогиялық тепе-теңдік көлемінің сақталуы мен өсімінің молайуы ескеріле отырып реттелуде.Жануарларға қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету үшін ағымдағы жылы 14 тонна жем, 28 тонна шөп, 11 тонна тұз әзірленіп, олар аң мен құстардың көп мекендейтін ортасына жеткізілді.
Сондай-ақ, барлық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріндегі рейдтік топтар толықтай бақылау құралдарымен – бинокль, бейнетаспа, фотоаппараттармен қамтамасыз етілген.
Атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде. Жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, жабайы тұяқты аңдардың саны тұрақталды және кейбірулерінің өсімі байқалады. Мысалы, 10 жылдың ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген Қаратау арқарының саны 11,6 пайызға, қарақұйрық пен үнді жайрасының саны 1,8 есеге молайды.
Т.Рысқұлов, Байзақ, Меркі аудандарының аумақтарындағы басқарманың нақты атқарылған жұмыстарының арқасында 298400 гектар аумақта «Үмбет» және 68910 гектар аумақта «Меркі» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдары құрылып, жұмысына кірісті. Сондай-ақ, Жуалы ауданында аумағы 148300 га, Қордай ауданында аумағы 369960 га құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ды құру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2019 жылы Мерке ауданындағы жергілікті маңызы бар Мерке мемлекеттік табиғи қаумалдын аумағын кеңейту бойынша жарылыстану ғылыми және техника экономикалық негіздемесіне түзету еңгізу көзделіп отыр.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі қайта қаралуда. Өйткені, соңғы уақытта көлде тауарлы, тор қоршамада балық шаруашылығы дамыту мәселелері өте маңызды болып отыр.
Қазіргі уақытта, бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарын айқындау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Конкурстық негізде аңшылық алқаптарды табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде 48 аңшылық алқаптың 46-ы табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің талабы бойынша ағымдағы жылдың өткен уақытында 180 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бюджетке 2,9 миллион теңге қаржы түсті.
Су ресурстары
Бүгінгі күні облыс аумағында орналасқан 748 су шаруашылық нысандарын республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі танға дейін 387 нысанды өткізіп, қалған 361 (137-ұңғыма, 6- су қойма, 3- ГТС(ГТҚ)) нысандарының құқықтық құжаттары әзірленуде.
Облыс әкімінің 2018 жылы 17 қаңтардағы №13 хаттамадағы тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауданындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (Әрі қарай – Кәсіпорын) арқылы коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осы аталған жұмыстарды жүргізуге Кәсіпорынның теңгеріміне арнайы техникалар алуға облыстық бюджеттен «Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына» (Әрі қарай – Басқарма) 693,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 440,4 млн. теңгеге 14 бірлік арнайы құрылыс және 253,2 млн. теңгеге 32 ауыл шаруашылығы техникаларын алуға.
Бүгінгі танда, аудан әкімдіктерімен Басқарма арасында келісімдер жасалып, аудан және ауданда орналасқан шаруа қожалықтары тарапынан КМК «Талас-Аса» (мех.отряд) арқылы механикалық тазалау жұмыстарына ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, 2018-2019 жылдары аталған жұмыстарды жүргізген жағдайда облыс бойынша 36638 га суармалы жер алқаптарында суғару жұмыстары жүргізіледі.
Қалдықтарды басқару
Жалпы, зиянды заттардың ауаға шығатын шығарындыларының 42,0 пайызы облыстағы химиялық кәсіпорындардың үлесінде. Жылу-энергетика саласының үлесі – 18,0 пайыз, тау-кен өндірісі – 14,0 пайыз, газ саласы – 14,0 пайыз, коммуналдық сала – 10,0 пайыз және қалғаны басқа да салалар.
Жылжымалы көздерден ауаға шығатын зиянды заттардың 70 пайызы жеке сектордағы автокөліктердің есебінен болуда.
«Қазгидромет» РМК филиалымен Қаратау, Жаңатас және Шу қалаларының атмосфералық ауа жағдайын бақылау, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасының Қордай кентіне келетін шығарындылардың трансшекаралық ластану мониторингі жүргізіледі.
Тараз қаласында атмосфералық ауаның ластануын бақылау үшін 5 стационарлық бекет, оның ішінде біреуі (1) автоматтандырылған СКАТ бекеті. Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары және Қордай ауылында автоматтандырылған СКАТ бекеттері істеп тур.
«Қазгидромет» кәсіпорнының 2018 жылы 2 тоқсанда жүргізген мониторингі бойынша Қаратау (4,81) мен Қордай (4,48) ауылы ластанудың төменгі деңгейіне жатқызылды. Тараз (4,59), Жаңатас (5,15), Шу (5,43) қалалары ластанудың көтеріңкі деңгейінде болды.
Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың рұқсат берілетін нормативтерін сақтауына тұрақты түрде зертханалық бақылау жүргізілуде. Бұл бағытта арнайы құралдармен жабдықталған зертхана және «Газель» автокөлігі базасында жылжымалы зертхана жұмыс істейді.
Жылжымалы зертхананың көмегімен өңірде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны ластаушы заттардың рұқсат берілген эмиссия нормативтерін сақталуына, сондай-ақ тіркелген апаттық жағдайларда, атмосфералық ауадан, судан сынамаларын алынып, жергілікті жерде шұғыл зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан басқа, трансшекаралық Шу, Талас, Сарықау, Қарабалта, Тоқташ және Аса өзендерінің, Билікөл көлінің жер үсті суларының ластануына экологиялық мониторинг жалғасуда. Шу, Талас және Аса өзендерінің бассейні Қырғыз Республикасының аумағында толығымен қалыптасады. Ақсу, Қарабалта, Тоқташ және Сарықау өзендері Шу өзенінің салалары болып табылады.
Облыста 2,8 миллион тонна (Тараз қ. – 2,6 млн.тонна) қатты қалдықтар жинақталған. 2018 жылдың 1 жартыжылдығына түзілген жалпы көлемі 31,8 мың тоннаны құраса, Тараз қаласында 12,5 мың тоннадан асады.
Қайталама шикізат және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2020 жылға дейін Жол картасы бекітілді.Тараз қаласында тұрғын үйлер аулаларында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін (полиэтилен ыдыстарын, пластик, шыны бөтелкелерін) 347 сеткалы контейнерлер орнатылған.Жиналған қалдықтар қайта өңдеуге жіберіледі.
Облыс орталығында қалдықтары, электрондық құралдар, моторлы майлар, шыны, қағазды сұрыптауға, кәдеге жаратуға арналған 15 мекеме бар(ЖК «Шахристан», ЖК «Хастал оглы П.М.», ЖК «Бақыт», ЖК «Танибеков», ЖК «Санит МиБ», ЖК «ХалалСауда», «KazEcology» ЖШС, «Дажан» ЖШС, «ТаразТехноРесурс» ЖШС, «ТаразТеплоСтрой» ЖШС, «ЮгШинТорг» ЖШС, «ТаразПолиХим» ЖШС, «Айнек-Тара», ЖШС, «ЭкоТехСтандарт» ЖШС, «АклерГруппЮг» ЖШС).
«Промотход Казақстан» ЖШС (Қарағанды қ.) «Оператор РОП» серіктестігімен бірге электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Қалада 5 контейнер орнату жұмыстары жүргізілмек.
Жалпы, облыс тұрғындарынан қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту үлесі 79,2 пайызды құрап отыр.Қалаларда бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайды, ауыл елді мекендерде – 64,5 пайыз.Бұл көрсеткіш2021 жылға дейін 100 пайызға жеткізіледі.Тұрмыстық қатты қалдықтарды қала тұрғындарымен 60 пайыз, коммерциялық мекемелермен 30 пайыз және бюджеттік мекемелермен 10 пайыз шығарылуда.
Облыс бойынша тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын 30 кәсіпорын бар, 501 контейнерлік алаңдар — 3452 дана контейнерлермен қамтылған, 103 арнайы көлік техника бар. Қазіргі таңда тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметі жүйелі түрде, бекітілген кестелерге сәйкес атқарылуда.Тараз қаласында қалдықтарды жинақтау және шығару қызметімен 6 мекеме айналысады («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, «Сұлтанқазы» ЖШС, «Сәрсенбай» ЖШС, «Нұрлы-Тараз» ЖШС, ЖК «Махмудов», ЖК «Баймұханбетов»).
Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға (374 елді мекеннің 317-да) 165 қатты тұрмыстық қалдықтар үшін полигон орындары белгіленіп, 163 полигонның қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттары ресімделген, 2 рұқсаттардың жарамдылық мерзімдері (Қордай ауданы Қақпатас, Қайнар ауылдары) аяқталған.
«Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен облыста пайдаланылған шамдар (сынапты), химиялық энергия көздері мен батареяларды жинау үшін 106 контейнер орнатылды (Тараз қаласында — 30, Байзақ — 7, Жамбыл — 8, Жуалы — 8, Қордай – 5, Меркі — 10, Т. Рысқұлов — 1, Сарысу — 12, Талас — 15, Шу — 10).
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші индустриалдық революцияны дамытудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мақсатында 2018-2022 жылдары Жамбыл облысында шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешені (шаралар кешені) әзірленуде.
Жобада тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, полигондар мен полигондарды сұрыптау, мелиорациялау, жаңа полигондар салу және қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу қарастырылған.
Ауа ластануын азайту бағыты
Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылға қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша орталық мемлекеттік органның аумақтық құрылымы мен жергілікті атқарушы органның өзара іс-қимыл жоспары әзірленді. 2018 жылдың 18 мамырында Іс-шара жоспарын жүзеге асыру және экологиялық бұзушылықтарды айқындау мақсатында құзырлы органдармен «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» хаттамасына сәйкес ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізу үшін бақылауға алынатын нысандардың тізімі айқындалып Жамбыл облысы бойынша экология департаменті және «Казгидромет» РМК Жамбыл филиалының келісімімен мониторинг жүргізу кестесі бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес 2018 жылдың маусым айында Жамбыл облысы бойынша экология департаменті Тараз қаласы сүзгі алаңының сыртынан өтетін дренаж каналынан су сынама үлгілерін алып, талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жер асты суларының ластануы анықталды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың шілде айында Жамбыл облысы бойынша экология департаментімен және «Казгидромет» РМК Жамбыл филиалымен бірлесіп «Тараз металлургия зауыты» ЖШС және «Жасыл Ел Тараз» ЖШС санитарлық-қорғау аумақтарынан тыс атмосфералық ауаға зерттеу жүргізілді, нәтижесінде «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-гі бойынша күкірт қостотығының шоғырлануы мөлшерден 2,6 есе артық екендігі анықталды.
«Тараз-су» және «Жасыл Ел Тараз» мекемелері бойынша мониторинг қорытындыларына сәйкес анықталған экологиялық бұщушылықтар туралы тиісті шаралар қолдану үшін басқарма тарапынан Тараз қаласының әкіміне және Жамбыл облысы бойынша департаментіне хаттар жолданды.
Жоспар бойынша Жанатас және Қаратау қалалары зауыттарының атмосфералық ауаға зерттеу жүргізу үшін басқарма тарапынан қосымша 232 725 мың теңге бөлінді. Тараз қаласының атмосфералық аусына тиімді мониторинг жүргізу үшін қосымша 3,0 млн теңге қаражат бөлу қарастырылуда.
Басқарманың бастамасымен Тараз қаласы және аудандардағы ірі өндірістік кәсіпорындарға мониторинг жүргізу жоспарлануда.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға түскен жобаларды қарау барысында табиғат пайдаланушыларға экологиялық тиімді, инновацияларды енгізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аз қалдықты технологияларды дамыту мен қолдану бойынша іс-шараларды жоспарлау талаптары қойылады. Бұл іс-шаралардың орындалуы қоршаған ортаның ластануын төмендетеді, жоғары экологиялық стандарттары мен қатаң нормаларын енгізуге ынталандырады. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында облыстағы II және III санаттағы объектілерімен 167 тоннаға шығарындылар көлемін азайту бойынша 24 іс-шаралар , ал 2017 жылы 60 тоннаға төмендету бойынша 16 іс-шаралар жоспарланды.
Жер қойнауын пайдалану
Облыста 2018 жылдың 3 қыркүйегіне қарағанда кең таралған пайдалы қазбаларға жасалған 141 жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары тіркелген, Республикалық маңызды обьектілер саны- 45.
«Жамбыл облысында жер қойнауын пайдалану саласына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдармен (орталық және жергілікті атқарушы органдары) бірлесіп атқарылатын Іс-шаралар ЖОСПАРЫ» бекітілді.
Басқарма тарапынан кең таралған пайдалы қазбалар обьектілері бойынша 2018 жылдың 1 жартыжылдығында келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауына байланысты жер қойнауын пайдаланушыларға бұзылымдарды (қаржылық, әлеуметтік сала, қазақстандық кадрды оқыту, өндіру және т.б.) жою туралы 106 ескерту хабарламалары жолданды.
Келісімшарт міндеттемелері мен талаптарын мүлдем орындамаған 6 келісімшарт бұзылды («Казхиммонтаж холдинг» АҚ №723, «Alina holding» ЖШС№725, «Жамбыл Недр» ЖШС №762, «Жамбыл Недр» ЖШС №235, «SBR Group-S» ЖШС №704, «Қайрақ-Тас» ЖШС №747).
10 жер қойнауын пайдаланушыларға: «Hantau Mining» ЖШС №269, «SS-Шақпақ-Ата компаниясы» ЖШС №334, «Астана-Астық Қордай» ЖШС№72, «Компания Казгранит» ЖШС№83, «Казпромлит» ЖШС №698, «Қордай-тау» ЖШС №2-8-30 және т.б.) көрсетілген мерзімде (2-6 ай) бұзушылықтарды жою туралы қатаң ескерту берілді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өңірдің әлеуметтік дамуына бөлінетін қаржы міндеттемесін ұлғайту бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс жүргізілді, келісімдері алынды. Келісімшартқа қосымша жобалары (141) әзірленді, жер қойнауын пайдаланушыларға жолданды. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өңірдің әлеуметтік дамуына бөлінетін қаржы міндеттемесі шарт бойынша жылына жалпы 27 млн. теңгені құрайды. Осы міндеттеме мөлшерін ұлғайтқанда орташа есеппен 54 млн. теңге көлемінде түсімдер күтіледі.
Су қорғау аймақтарына және белдеулеріне жақын орналасқан жер қойнауын пайдаланушылардың су қорғау талаптарының сақталуын зерделеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы құрамына Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті, Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Жамбыл аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы енгізілді.
Зерделеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
Жамбыл ауданыдағы Аса өзенінің су қорғау аймағына жақын орналасқан 5 кен орындары («Жамбылхимстрой», «Ланос-2001», «Тараз трубопроводы и транспортные линии» «Нұрбол и С» ЖШС-рі және жеке кәсіпкер Шоқаев) бойынша өзеннің ластануы тіркелген жоқ, су арнасын қорғау жұмыстары жүргізілген.
Қордай ауданындағы зерделенген кен орындары («Монтажстрой» ЖШС, Умбетов және Буларов Жеке кәсіпкерлер) Қарақоңыз өзенінен қашықта орналасқандықтан, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Меркі ауданында Меркі өзеніне Меркі-2 кен орны («Айя-Сервис» ЖШС) жақын орналасқаны, су қорғау дамбасы жоқ екендігі анықталды және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясымен тиісті шаралар қолданатын болады.
Сонымен қатар, аталған Инспекция тарапынан Су қорғау аймағында арнайы су пайдалану рұқсатын және келісімін алу заңдылықтарының сақталуы бойынша 6 мекемеге тексерулер жүргізіліп, «Нұрбол С» ЖШС, «Сұңқар-2002» ЖШС- ріне 40 АЕК, «Жамбылхимстрой» –не қатысты 60 АЕК айыппұл салынды;
«Ланос-2001»ЖШС, «Таразқұбырлары және көліктік желілері» ЖШС, «Тараздорстрой» ЖШС-не әкімшілік іс қозғалып, Жамбыл аудандық сотына жолданды.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің қолданысқа енуіне байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын конкурстық тәсілде беру алынып тасталды, лицензиялық режим енгізілді.
Жергілікті атқарушы орган (Басқармамен) берілетін болады:
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия;
Кен іздеушілікке арналған лицензия
Кең таралған пайдалы қазбаларды Өндіруге арналған лицензия мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы барлау нәтижелері бойынша айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияда, жер қойнауын пайдаланудың мынадай шарттары қамтылуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен қол қою бонусын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (жалдау төлемін) төлеу туралы міндеттеме;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларға жұмсалатын жыл сайынғы ең төмен шығыстардың мөлшері;
3) лицензияның шарттарын бұзғаны үшін оны қайтарып алудың негізі.
Кен іздеушілікке арналған лицензия бойынша оны иеленушінің, аршу жұмыстарын, құм мен топырақты шаю жұмыстарын, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қол тәсілімен немесе механикаландыру құралдарын және қуаттылығы аз өзге де жабдықты қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында бағалы металдар мен асыл тастарды кен іздеушілікпен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесін пайдалануға айрықша құқығы болады. Кен іздеушілікке арналған лицензия үш жыл мерзімге беріледі. Лицензияны иеленушінің өтініші бойынша көрсетілген мерзім бір рет үш жылға ұзартуға жатады. Кен іздеушілік учаскесі аумағының алаңы кемінде бес жүз шаршы метрді құрауға және бес гектардан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтары ғана кен іздеушілікке арналған лицензиялардың иеленушілері бола алады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау және мониторинг жүргізу жер қойнауын пайдаланушыға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізіліп жатқан (жүргізілген) объектілерге бару арқылы жүзеге асырылады.