Тұрар Рысқұлов ауданында 2018 жылы 2501 адамды әлеуметтік қорғау шараларымен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды Turaninfo ақпарат агенттігі. Бүгінде әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандар — 1614 адам, жұмысқа орналасу – 64,5 % құрайды
Жұмыссыздарды даярлау, қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды көтеру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша келесі межеге қол жеткізу жоспарлануда:
І бағыт: қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылға 322 адамды оқыту; оның 1 кезеңде (поток) 210 оқуға жолданып 198 оқуын аяқтады. 2 кезеңде 3 адам оқуға жолданып отыр.
ІІ бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша жыл басынан кешенді жоспарға сай 57 адамға шағын несие беру жоспарланған, бүгінгі күнге 67 адамға несие беріліп отыр. 2-ші жартыжылдықта облыстық басқарманың берілген жоспары бойынша несие беру 140 адам болып өзгертілді; «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жыл басынан 234 адамды оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 130 азамат оқуға жолданды.
ІІІ бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде 163 713,0 мың. теңге бөлініп, 701 адамды жұмыспен қамту;
Ағымдағы жылы міндетті медициналық сақтандыру бойынша 12350 азаматтардың тізімі беріліп, бүгінгі күнге 9894 азаматтың мәртебесі өзектендірілді. Еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстары жүргізілуде, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны — 1290 адам. Ауданда жұмыссыздық деңгейі — 1,1%;