2018 жылы Тұрар Рысқұлов ауданында «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру немесе сатып алу» бағдарламасы бойынша 551644,0 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды Turaninfo ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте аудан әкімі Асқар Санатұлы мәлімдеді. 509891,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 32069,0 мың теңге облыстық бюджеттен Құлан ауылының «Арай» тұрғын алқабында электр желісінің құрылысын салуға бөлінді (2017 жылы — 25000,0 мың теңге игерілді).
Облыстық энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Құлан ауылының «Арай» тұрғын алқабына газ желісінің құрылысы жүргізіледі. Луговой ауылының 1-ші және 2-ші кезектегі тұрғын алқабына шағал тас төселмек. Оған облыстық бюджеттен 108000,0 мың теңге бөлінген. Луговой ауылындағы 1-ші және 2-ші кезектегі тұрғын алқабына электр желісінің құрылысын салу нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қарауына жолданды.