Мал шаруашылығының барлық санаттарында ет өндірісін жоспарға сәйкес — 3,5%-ға, сүт өнімін — 2,5%-ға, жұмыртқа — 2,5%-ға, мүйізді ірі қара мал санын — 104%-ға, жылқыны — 105%, қой — 104%-ға пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Аудан көлемінде 23 мал бордақылау алаңдарымен 4 кооператив тұрақты жұмыс істейді. Осы мал бордақылау алаңдарында — 4650 бас мүйізді ірі қара, 780 бас жылқы, 4150 бас қой, 9770 бас шошқа малы бордақыланады. Аудан көлемінде 15 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Оның 5-і ет бағытында,2-і сүт бағытында құрылып, 6-ы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 516,0 млн. тг несиелік қаржыға 2030 бас бұқашықтар бордақыланып, 324 тн ет өндірілді.Ет өндірісін ұлғайту бойынша міндетке жету үшін «ҚұланАгроГрупп» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жаңадан орнатылған модульдік мал сою пункті іске қосылып, «Береке» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің мал сою алаңы қосымша жарақтандырылып, ет өндірісін дамыту жұмыстары арттырылуда.