Егін шаруашылығы бойынша дақыл егуді 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда, 2680 га жерге ұлғайту міндеті алға қойылды. (масақты дақылдар +1360 га, майлы дақылдар +900 га, қант қызылшасы +100 га, мал азығы +320 га ). Олардың ішінде 500 га қант қызылшасынан, 100 гектар алқаптан 2-3 есе артық өнім алынады деп күтілуде. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасалып, 2017 жылдың қараша айында 2018 жылдың өніміне 100 гектар қант қызылшасын тамшылатып суғару әдісімен отырғызатын «Нұрдәулет» шаруа қожалығының және «Жасмин» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің егістік алқаптарынан топырақ құрамын алып, зерттеу жүргізуде.
Сонымен қатар, 2018 жылы 40 гектар алқапқа үдемелі алма бағын отырғызу жоспары бар. 2017 жылдан бастап Құлан ауылында «Astana Food Storage» ЖШС-і 1 000 га жылына 40,0 мың тонна өнім беретін үдемелі жеміс-жидек бағын отырғызу жұмыстарын бастады.