Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Санатұлы Қрықбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Бүгінгі күні Т.Рысқұлов ауданының жалпы жер көлемі — 908 691 га, 15 ауылдық округте 65 мыңнан астам халқы бар ауданда 20-дан астам өзге ұлт өкілдері өмір сүруде. (Оның 93,4 %-ы қазақ ұлты болса, 6,6 %-ы өзге ұлт өкілдері).
Ынтымақ пен бірлікті ту еткен Тұрар Рысқұлов ауданында табысты еңбектің нәтижесінде 2017 жылы айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Өткен жылы жалпы шығарылған өнім көлемі — 45 млрд. 836,6 млн. теңгені құраса, 2018 жылы жоспар бойынша 47 млрд. 306,8 млн. тг болады деп күтілуде. Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласының үлесі есептік кезеңде 15,7% болса, ағымдағы жылы 25,7%-ға, ауылшаруашылығы өнімі-56,7% болса, биылғы жылғы — 58,9%, тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі — 6,4% болса, 10,1%-ға арттыру жоспарланып отыр.
2018 жылғы меже бойынша аудан бюджетінің кірістері — 11 млрд 692 млн. 416 мың теңгені құрайды.