ƏКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ: ИНДИКАТОРДЫ ОРЫНДАМАҒАН КІМДЕР?

Өңір басшылығына Асқар Мырзахметов келгеннен кейін Тараз қаласы мен аудандарды аралап шыққан болатын. Соның нəтижесінде арнайы индикаторлар бекітіліп, шілде айында барлық әкімдердің 6 айлық есептері тыңдалды. Алдағы уақытта 9 айлық, жылдық есептер тыңдалатын болады. Осы ретте жаңа əкім бекіткен мақсатты индикаторлар бойынша аудан басшыларының рейтингісін жасадық. Рейтинг бірінші кезекте əр аудандағы индикаторлардың орындалуы негізінде тізілді. Сонымен сараланған индикаторлар: өнеркәсіп саласы, агроөнеркәсіп саласын дамыту, жер қатынастары, құрылыс, автомобиль жолдары мен көлігі, жастар саясаты, қаржы, құқық тәртібі.
Аутсайдерлер: Орындалмай алмаған 4 индикаторы бар Байзақ пен Жамбыл ауданы әкімдері. Зейнет жасына жақындап қалған Рахматілдә Рахманбердиев пен Бақыт Қазанбасов ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі (Орындалғаны: Байзақ – 71,4%, Жамбыл – 89,9%), өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі (Орындалғаны: Байзақ – 7,7%, Жамбыл – 69,2%), мал шаруашылығы өнімінің көлемі (Орындалғаны: Байзақ – 89,1%, Жамбыл – 89,8%), 10 мың адамға шаққанда қылмыстылықтың деңгейі артқан.
Үш болса да күш болып, үш нысаналы индикаторды орындамағандар қатарында: Тараз қаласы, Жуалы, Талас, Шу аудандары. Тараз қаласында өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі, пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі орындалмаған болса, Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі (96,8%), мал шаруашылығы өнімінің көлемі (96,8%), жол – көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендемеген. Талас ауданы бойынша шағын және орта бизнес субъектілері санын артпаған, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатын жастар саны, 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі көтеріліп тұр. Тоғыз жолдың торабы болып тұрған Шу ауданында 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі өсіп, өнеркәсіп өнімі 94,2 % орындалса, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тек 56,1 % орындалған.
Орта да тұрған үш аудан. Бұл аудандарда екі индикатор орындалмаған. Олар; Меркі, Қордай, Мойынқұм. Меркі мен Қордай аудандары бойынша бос ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді қайта айналымға енгізілмесе, жұмыспен қамтуды белсенді шараларына тартылатын жастар саны Меркі де 86,6% орындалған, ал Қордай да өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 79,7% орындалса, Мойынқұм ауданында жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу көрсеткіші орындалмаған және 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі көтерілген.

Алдыңғы шепте орын алып жайғасқандар екі аудан. Олар Сарысу ауданы мен Т.Рысқұлов аудан әкімдіктері. Олардың тек 1 индикаторы бойынша орындалмаған. Сарысу ауданы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі орындалмаса, Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатын жастар саны 88,8 % орындалған.

Түйін: бірінші орынды Сарысу ауданы әкімі Балабек Нарбаев, екінші орын экс – қаржы басқармасының басшысы қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Асқар Қырықбаев, 3-5 орындарда Меркі, Қордай, Мойынқұм аудандарының әкімдері, 6-9 орындарда Тараз қаласы, Жуалы, Талас, Шу аудандарының әкімдері, 10-11 орындарда Таразға жақын орналасқан Жамбыл ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов пен Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев орналасты. Бұл нәтиже 6 айлық көрсеткіш бойынша ғана, ал ендігі кезекте 9 көрсеткіштермен қаралатын болады. Мемлекеттік салықтар мен оның орындалуы да қатаң бақылауымызда.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X