Жамбыл облысы ІІД бастығы азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басшылығының 2018 жылдың III тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, ІІД бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев 15 тамыз күні 12 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады.
Жеке қабылдау барысында азаматтар қылмыстық істер бойынша өтініштер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты шағым айтты.
Барлығын мұқият тыңдаған А.Оразалиев 1 азаматқа ауызша түсінік беріп, 11 азаматтың өтініші бойынша ІІД-нің басқарма бастықтарына нақты тапсырмалар берді.
Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Келесі қабылдау – кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде өткізіледі.
Ескерту: ІІД бастығының жеке қабылдауына Жамбыл облысы ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы алдын-ала жазылу керек.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X