«Білікті мамандарды даярлауға арналған ІТ-орталықтар» бастамашыл жобасы

«Нұр Отан» партиясы биылғы жылдан бастап халық игілігіне арналған 22 түрлі бағытты қамтитын ірі жобаларды жүзеге асырып келеді.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Инвестициялар заң үстемдігі қамтамасыз етілген, келісім – шарттары сақталатын, білімді мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейтін елге ғана келеді. Ал, қазіргі жағдайда бәсекеге қабілеттілік – цифрландыруды дамыту» — деп «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын және партияның цифрландыру саласындағы жобаларын орындаудың маңыздылығына баса назар аударған болатын.
Елбасының қолдауына ие болған «Нұр Отан» партиясының ірі жобаларының бірі «Білікті мамандарды даярлауға арналған ІТ-орталықтар» бастамашыл жобасын іске асыру аясында партия Жамбыл облыстық филиалы және облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында ІТ-Орталығы ашылды.
Аталмыш іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумурат, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Сейтбеов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры А.Абдуалы, университеттің «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар» факультетінің оқытушылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты: Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру жəне білікті ІТ-мамандар пулын даярлау. («Цифрлық Қазақстан», «Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту» бағдарламаларын іске асыру)
— «Өңірімізде цифрлық дағдыларды үйрену жəне ІТ-кəсіпкерлікті дамытуға партияның қосар үлесі зор болмақ. «Нұр Отан» партиясының бұл бастамашыл жобалары Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайын екенін көрсетеді» -деп, атап өтті іс-шараның ашылу барысында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумурат.
Іс-шара барысында ІТ-Орталықтың жұмысымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доцент к.ф-м.н Алтыбаев Ғабит және оқытушы, информатика магистрі Мусинов Ербол ІТ-Орталықтың жұмысымен жан-жақты таныстырып, түсіндірді.
ІТ-орталықта 50 адам жыл соңына дейін оқып, ІТ мамандықты игереді. Онда мамандар 2 топқа бөлініп, 5 курс бойныша 3 ай мерзіде сұранысқа ие цифрлық саладағы Java, Python, PHP, С/С++ және басқа да бағдарламалаларды игеріп, білім алып шығады. Әр ауданнан келген азаматтар алған білімдерін жұмыс барысында қолданып, мектеп оқушыларының толық игеруіне өз үлестерін қосатын болады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X