Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы қорытындылары
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Сарысу ауданының әкімі Балабек Нарбаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Брифингте Балабек Жанбекұлы ауданның 2018 жыл I жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Ағымдағы жылдың басында ел өміріндегі маңызды құжат — «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын¬дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жасады.
Жолдау – Қазақстанның жүйелі жаңғы¬рудағы 10 басым бағытын жү-зеге асыруды қамтамасыз ете¬тін бірегей бағдарламалық құжат.
Өйткені, қазақстандық индустрия мен агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инф¬ра¬құрылымды цифрландыру, тұр¬¬ғын үй құрылысы мен коммунал¬дық секторға жаңа технология¬ларды енгізу – Елбасы ұсынған елді дамытудың негізгі векторы болып табылады. Мұның барлығы Қазақ¬стан¬ның жаңа әлемдегі жетек¬ші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет.
Сонымен қатар, Пре¬зидент дәстүрге сай биыл да әлеу¬меттік даму мәселелеріне зор көңіл бөліп, адами капитал¬ды қазақ¬стандық жаңғырудың жүйелі үштағанының негізі ретін¬де белгілеген.
Елбасымыз¬дың Жолдауында елімізді сая¬си, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгі¬лен¬ген. Ол жаңа экономикалық саясат, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер, жаңа міндеттер.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру барлығымызға үлкен жауапкершілік, зор сенім.
Ел саясаты мен Үкімет тапсырмаларын жүзеге асыруда ынтымақ пен ауызбіршілік арқасында Сарысу өңірінде тұрақты экономикалық өсім қалыптасып келеді. Бұған ауданның әр тұрғыны өзіндік үлес қосып отыр.
Жылдың алғашқы 6 айында мемлекеттік бюджетке 1 402,0 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, болжамның орындалуы 110,9 пайыз, оның ішінде республикалық бюджетке – 503,8 млн. теңге (118,1 пайыз), жергілікті бюджетке –898,2 млн. теңге (107,2 пайыз). Аудандық бюджеттің кірістер жоспары 4728,8 млн. теңге болса, орындалғаны 4751,1 млн. теңгені немесе 100,5 пайызды құрады.
Өзіндік кірістердің орындалуы 513,2 млн. теңге немесе 104,6 пайыз болды, негізгі кіріс көздері 25,4 млн. теңгеге артығымен орындалды.
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 99,9 пайызды құрады.
Өнеркәсiп кәсiпорындары 9 241,3 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiріп, өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,0 пайызға артты.
Жалпы, өнеркәсіп өнімдерінің 97,7 пайызы тау кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында атқарылған («ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС, ЕвроХим-Каратау» ЖШС, «Қаратау» ТКӨК).
«ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-і үстіміздегі жылдың 6 айында 293,7 мың тонна фосфор өнімдерін (руда және фосмука) өндірді. (жылдық жоспар — 650,0 мың тн.руда, 640,0 мың тн. Фосмука)
«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-і «Жаңатас қаласындағы фосфаттарды қайта өңдейтін химиялық кешеннің» (ІІ кезең) құрылысын жүргізуде. Кешен 2019 жылы іске қосылады.
Жобаның құны – 950,0 млн. АҚШ доллары, немесе 304,0 млрд. теңге.
Сонымен қатар, ауданның өңдеу өнеркәсібінде «Жанатас Монтаж Сервис» ЖШС – щебень, «Минерал» ЖШС – мрамор, «Жарас» ЖШС – жанар-жағар май өнімдерін өндіруде және «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК жылумен және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі бойынша өз өндірістерін қалыптастыруда.
Жалпы, өнеркәсіп саласы бойынша 2018 жылы өнім шығару көлемі 21,0 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлап отырмыз.
(109,9 %), (2017 ж. – 19,1 млрд. тг.).
Жыл басынан ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 4697,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызды құрап отыр (2017ж.- 4342,8 млн.теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі қаңтар-маусым айларында 11 861,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құрап отыр. (01.07.2017ж.- 11429,5 млн. теңге).
Ауданға инвестиция тарту елді жұмыспен қамту, салық түсімін ұлғайтумен қатар көптеген басқа салаларды дамытуға үлкен септігін тигізеді.
Осыған байланысты, кәсіпкерлік бөлімі мен қала, ауылдық округ әкімдерімен әртүрлі инвестициялық жобаларды іздестіріп, оларды жүзеге асыруда жан-жақты жұмыс жүргізетін боламыз, — деді Балабек Жанбекұлы.
6 айдың қорытындысымен ауданда бөлшек сауда тауар айналымы – 669,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға артса, көтерме сауданың көлемі 4314,1 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 35,7 пайызға артқан.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласы басым бағытқа ие. Алғашқы 6 айда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 2487,5 млн.теңгенi құрап (мал өнімі – 2472,1 млн. теңге, егін шаруашылығы – 0,5 млн.теңге), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,0 пайызға орындалды (2017ж – 2373,2 млн.тг).
Аудан бойынша биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөністер, бақша өнімдері мен 2-3 жылдық, көп жылдық шөпті қосқанда барлығы 19 696 гектар егістік жер игерілді (2017ж – 18390га).
Өткен 2017 жылмен салыстырғанда егістік жер 1306 гектарға артығымен игерілді.
Бұл саланы дамытуда Үкімет тарапынан үлкен қолдау бар, соның бірі шаруашылықтарды лизинг арқылы техникамен қамтамасыз ету.
Мал басында және өнімінде тұрақты өсім сақталып отыр.
Ауданда 2018 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 20 300 басқа, қой-ешкі 281 450 басқа, жылқы 6 350 басқа, түйе 2 183 басқа жеткізіліп, 3 114,2 тонна ет, 2 753,9 тонна сүт, 1 893,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Мал шаруашылығы саласын дамытуда басты мақсат – мал тұқымын ет бағытында асылдандыру жұмыстарын қолға алу болып табылады.
Ағымдағы жылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бойынша 135,0 млн. теңге субсидия төлеу жоспарлануда. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7,4 млн. теңгеге немесе 5,8 пайызға артық (2017 жылы 127,6 млн).
Бүгінгі күнге аудан бойынша 862 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен қой малдарын сатып алған және 1 269 мүйізді ірі қара малына асылдандыру жұмысын жүргізіп жатқан барлығы 45 шаруа қожалықтарына 32,3 млн. тенгеге субсидиялау құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары бойынша осы 6 ай ішінде 6848 бас мүйізді ірі қара малы, 76,1 мың бас уақ малдар сырғаланып, 415 бас жылқы чиптелді.
Өздеріңізге белгілі, аудан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын тудыратын кененің табиғи ошағына жатады.
2018 жылы бұл індеттің алдын алу шараларының үш кезеңіне жалпы аудандық бюджеттен 10,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Аудан бойынша төрт түлік малға, қора-жайларға, аулаларға, Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен шатырларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан көлемінде Сібір жарасының 13 ошағы тіркелген. Барлық 13 ошақта талапқа сай бетондалып қоршалған, атауы жазылған белгілер қойылған.
Кәсіпкерлік – азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі.
Кәсіпкерліктің үлесі артқан сайын өңірдің дамуы да орнықты болады.
Қазіргі таңда ауданда шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 2282 кәсіпкерлік нысандары тіркелген, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 бірлікке өскен (2017 ж. – 2279 бірлік).
Шағын және орта бизнес нысандары 5603 адамды уақытша және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Оның ішінде, шағын бизнес субьектілерінде (заңды тұлға) – 689 адам, орта өнеркәсіпте – 297 адам, шаруа қожалықтарында – 2 238 адам, жеке кәсіпкерлікте – 2 299 адам, өндірістік кооперативте 60 адам, тұтынушы кооперативте – 20 адам жұмыс істейді.
Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу де жылдан-жылға кеңеюде.
«Саудакент-НС» несие ұйымы арқылы осы жылдың 6 айында 10 шаруашылыққа және 7 жеке кәсіпкерге 63,4 млн. теңге және «КазМикроФинанс» шағын несие ұйымы арқылы аудан көлеміндегі кәсіпкерлерге әртүрлі бағыттарға 865 азаматқа 467,5 млн. теңгенің несиелері берілді.
Шағын несиелер негізінен қызмет көрсету, жиһаз жасау, көлік жөндеу, мал шаруашылығын дамыту, қоғамдық тамақтану және т.б салаларға пайдаланылуда.
Кез келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана көп кісі жетпеген табысқа жете алады, сондықтан да әрбір несие алушы несие аларда өз мақсатын жете білуі керек. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі.
Әлеуметтік-азық түліктерді қол жетімді бағада ұстау үшін әр аптаның сенбі күндері Жаңатас қаласында Орталық базар аумағы мен орталық алаңда жәрмеңкелер өткізіліп, 50,4 млн. теңгенің азық-түліктері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Сонымен қатар, Саудакент ауылынан жеке кәсіпкер 600 шаршы метр аумақты құрайтын үлкен сауда орнының құрылысын бастады, бұл нысан іске қосылса осы және көрші ауылдарда бағаның тұрақтануына септігін тигізетін болады.
Осы 6 айдың ішінде жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органға 1410 адам жұмыс сұрап өтініш білдірді (ауыл тұрғындары – 668 адам).
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 1150 адам қамтылды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 319 адам жолданды.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 108 жас маман, «Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру бағытында жыл басынан 81 жұмыссыз азаматтар уақытша жұмысқа орналасты.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жыл басынан бері 244 адам жолданды.
Тұрақты жұмыспен 41 адам қамтылған.
2018 жылдың 1 шілдесіне ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 937, оның ішінде ауыл тұрғындары – 421 азамат.
Осы есепті кезеңде 5891 адамға 148,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде әлеуметтік бағдарламалар бойынша – 50,2 млн. теңге, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектерге – 98,5 млн.теңге.
Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ.
2017-2018 оқу жылы мектептердегі 1-10 сынып оқушыларының 7907 баланың 7204-ы жазғы сауықтырумен қамтылады деп жоспарлануда, яғни 91,1 пайызы. Қазіргі таңда 50 пайыздан аса қамтылды.
Сарысу ауданы бойынша 2017-2018 оқу жылында жалпы мектеп бітірушілер саны – 301 оқушы, оның 247-сы, немесе 82,0 пайызы жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырды. ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда жалпы орташа балл – 78,9 балл құрады.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие.
Биылғы жылы 1-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 2 639 балаға жетті. Қамтылуы үлесі 72,2 пайызды құрады.
3-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 3663 бала болып, қамтылуы үлесі 95,1 пайызды құрап отыр.
Кезекте тұрған балалар саны — 725 (оның ішінде 3-6 жас аралығында – 572 бала).
Денсаулық сақтау саласында 83 дәрігер, 371 орта буынды медициналық қызметкерлері жұмыстарын жоспарлы жүргізуде.
Дәрігерлердің 10 мың тұрғынға шаққандағы саны 19,6 пайыз.
Қазіргі таңда ауданда 8 дәрігер маманы жетіспейді. Ауданға білікті жас маман дәрігерлерді тарту мәселесі күн тәртібінде тұр. 2018 жылдың 6 айында 23 маман (13 дәрігер, 10 мейірбике) «Балалық шақтағы ауруды ықшамдап емдеу» циклы бойынша оқытылды. Бір педиатр дәрігер «орфанный заболевание в неврологии» тақырыбы бойынша оқытылды. Бүгінгі таңда Тараз қаласында сәуір айында Беларусия мамандарымен өткізілген оқуға акушер-гинеколог, УЗИ дәрігері біліктілігін арттыруға жіберілді. 2 дәрігер халықаралық кардиологиялық конференцияға қатысты. Алдағы уақытта 35 мейірбикені Тараз қаласындағы медициналық колледжден маман шақырып, біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.
Мәдениет – бұл негізгі қоғамдық құндылықтар саласы.
2018 жылдың басынан бері ауданда барлығы 57,9 мың адам қатысқан 454 мәдени іс-шаралар өткізілді, оның ішінде ауылдық жерде 444 іс-шара.
Ауданда қылмысқа қарсы күресті күшейту мақсатында біршама істер атқарылды. Атап айтқанда, жыл басынан бері 6 ауылдық округ әкімдерінің 6 дана Нива автокөліктері ішкі істер бөліміне берілген болатын. Сонымен қатар, әр ауылдық округтердегі жергілікті полиция учаскелік пунктерге материалдық-техникалық жабдықтауға аудандық бюджет есебінен 6210,0 мың тенге және 1350,0 мын. теңгеге ішкі істер органына Smart Logger BOX дауыстық хабарламаларды жазып алу мүмкіндігі бар жүйе құралы сатып алынып беретін болады.
Бұл жұмыс әрі қарай жалғаса береді.
Осы атқарылған жұмыстың бәрі, ауданда қылмыс санып азайтып, сол қылмыстарды уақтылы тиісті деңгейде ашып зерделеп, алдағы уақытта болдырмау үшін жасалған. Әрине нәтиже жоқ емес бар, атап айтқанда 6 айдың қорытындысымен жалпы 91 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 57 қылмысқа кеміген. Қылмыстың ашылу деңгейі 76,1 пайызды құрап отыр.
Ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қылмыстардың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын күшейту мақсатында халықпен қарым-қатынасты нығайта түседі деген сенімдемін, — деп спикер өз сөзін аяқтады.