Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 гимназиясының 5 бірдей түлегі шетелдік үздік оқу орындарының грантын жеңіп алды.
Төле би атындағы №8 гимназиясын биыл 74 түлек бітірсе, оның 32–сі мемлекеттік білім беру гранттарын иеленіп отыр. 5 түлек шетелдің үздік оқу орындарының гранттарын жеңіп алды. 1 түлек қос бірдей жоғарғы оқу орнының Назарбаев университеті мен Латвия мемлекеттік университтерінің гранттарын жеңіп алса, 2 түлек Польшаның IIUT университетінің, 1 түлек Түркияның Стамбул университетінің, 1 түлек АҚШ-тың Нью-йорк қаласындағы Kingsborough колледжінің гранттарына қол жеткізген.