2018 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ
8,4% ӨСКЕН
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Әлімжанқызы Жауынбекованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.
Гүлдана Әлімжанқызының ақпараты бойынша, Өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік — экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты.
Бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд.теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті.
Бұл- республикада алдыңғы үштік қатарындамыз деген сөз деді, — ведомство басшысы.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,6%-ды құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 3,4 пайызға жоғары (ҚР-5,2%).
Өнеркәсіп саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға өсім бар (194,4 млрд.теңге), бұл республика өңірлері аралығындағы 2 оң көрсеткіш.
Өнеркәсіп саласындағы өсім тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің – 14,8%-ға (22,7 млрд.теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 10,3%-ға (134,8 млрд.теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 9,8%-ға, (35,1 млрд.теңге) артуы есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Осы саладағы оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындармен 13 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
2018 жылдың аяғына дейін осы бағдарлама аясында құны 16,9 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, мұнда 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Ауыл шаруашылығындаесепті мерзімде 54,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,1 пайызды құрады.
Мал шаурашалығында ет өндірісі – 5,1%-ға, сүт өндірісі – 3,9%-ға жұмыртқа өндірісі – 0,9%-ға артты.
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 650 мың гектарға (жоспар – 602,7 гектар) орналастырылды және өткен жылмен салыстырғанда 19,7 мың гектарға немесе 3,1%-ға артты.
Осының есебінен қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс-бақша, картоп және мал азықтық дақылдарына басымдылық беріліп, көлемі ұлғайтылды.
Есепті кезеңге жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 41,7 млрд.теңгені құрап, 18,8%-ға артты.
6 айда 212,9 мыңшаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, көрсеткіш 4,0 пайызға өсті.(ҚР-4,8 %)
Жалпы, 2018 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы және 7 үйді қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, 15 тұрғын үй осы жылдың екінші жарты жылдығында тапсырылады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,4%-ға артты (110,7 млрд.теңге) (ҚР өңірлері арасында 15 позиция).Өсім Жуалы ауданындағы «Burnoye Solar» күн электростансасына құрал-жабдықтар алуға, өңдейтін зауыт құрылысын салуға және Сарысу ауданында «ЕвроХим» Қаратау» ЖШС химиялық тыңайтқыштар өндіретін зауыт, Шу ауданында «Хим — плюс» ЖШС химиялық тыңайтқыштар өндіретін, «АГП» ЖШС газ құбырының құрылысына инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Бөлшек сауда айналымы 3,3%-ға артты (123,4 млрд. теңге).
Жолаушы тасымалы 2,0%-ға (463,7 млн.адам), жүк тасымалы – 8,4%-ға (43,8 млн. тонна) өсті.
Инфляцияны ұстап тұру қамтамасыз етілуде. Жыл басынан бері инфляция 2,3 %-ды құрады (ҚР-2,6%), бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 0,9 пайыздық тармаққа төмен.
Сондай-ақ, Г.Жауынбекова 2018 жылғы 1 шілдеге облыс бюджетіне 124,3 млрд.теңге сомасында түсімдер түсіп, жоспар 103,5%-ға орындалды, өзіндік кірістер 28,0 млрд.теңгеге немесе 117,7%-ға қамтамасыз етілгендігін атап өтті.
Мемлекеттік бюджетке 41,9 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналып, жоспар 113,0%-ға қамтамасыз етілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға артық.
Облыс бюджетінің шығыстары 99,7%-ға орындалып, 126,3 млрд.теңгені құрады деді, – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.