Ағымдағы жылдың 9 тамыз күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 5, 6 және 7 сыныптың оқушыларына арналған «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығының таныстырылымы өткізілді.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараның мақсаты — оқулықтың мазмұнымен облыс педагогтарын таныстыру, оның маңыздылығын түсіндіру.
Басқосуда алғаш болып сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жамиля Бекбатырова оқулықтың тәрбиелік маңыздылығына тоқталды.
Өңір тарихын баяндайтын оқулықтың авторы облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Бигелді Тәжібаев оқулықтың қызқаша мазмұнымен таныстырды.