ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА 27 НЫСАННЫҢ ЖОБАЛЫҚ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Ахатаев Әділет Бегалыұлының қатысуымен Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту, жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру туралы баспасөз конференция өтті.
Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру бойынша жалпы Қазақстан Республикасында бүгінгі күнге аккредиттелген эксперттік ұйымдардың саны 123, оның ішінде 6 эксперттік ұйым Жамбыл облысында тіркелген.
Сараптамадан өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. («Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»).
Акредиттелген мекемелерге сәйкес, аттестаттарын алу үшін құрылыс саласындағы өкілетті орган Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен өтеді. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңына сәйкес атестатты алу үшін, мекемеде аталған сала бойынша 5 жыл еңбек өтілімі бар, аттестаты бар 5 эксперт болуы керек.
Атап айтқанда:
— Эксперт конструктор;
— Электр желілері бойынша эксперт;
— Бас жоспар бойынша эксперт;
— Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша эксперт;
— Сметалық есептеулер бойынша эксперт.

Сараптама бойынша
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша техникалық және технологиялық жағынан қиын емес II және III деңгейдегі кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткен жобалар саны – 183, оның ішінде Байзақ ауданы — 8 жоба, Жамбыл ауданы – 9 жоба, Жуалы ауданы — 12 жоба, Қордай ауданы – 4 жоба, Меркі ауданы – 12 жоба, Сарысу ауданы — 3 жоба, Т.Рысқұлов ауданы – 3 жоба, Шу ауданы — 4 жоба, Тараз қаласы бойынша — 21 жоба, «Жамбыл облысы құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бойынша – 34 жоба, Жеке кәсіпкерлердің тапсырысы бойынша – 73 жоба.

Жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша
Әділет Бегалыұлының айтуынша, құрылыс жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бюджет әкімшісі болып табылатын 282 жобалық-сметалық құжаттамалар əзірленуде, оның ішінде 2018 жылы 147-і, қалған 135-і алдыңғы жылдары басталған.
Бүгінде облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласында 27 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Олардың ішінде:
— Желтоқсан аллеясын қайта жаңғырту;
— Т.Рысқұлбеков саябағын қайта жаңғырту;
— ТаразКожОбувь» ЖШС-нен «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешеніне дейінгі саябақты абаттандыру;
— Атшабар аллеясын қайта жаңғырту;
— Мамыр саябағын қайта жаңғырту;
— Түрксіб саябағын қайта жаңғырту;
— Т.Рысқұлов саябағын қайта жаңғырту;
— Сағат стелласын орнату;
— Зербұлақ демалыс аймағын абаттандыру;
— Талас өзені жағалауында демалыс аймағын салу;
— Түлектер аллеясын салу және абаттандыру;
— Даңқты спортшылар аллеясын салу;
— Тектұрмас кесенесі аумағында тарихи кешен салу;
— Шахристан этно-тарихи кешенін абаттандыру;
— А.Әшімовтың атындағы өнер орталығының құрылысы;
— 1000 келушіге арналған салтанат сарайының құрылысы;
— Облыстық өлкетану мұражайының құрылысы;
— Көрме павильонының құрылысы;
— Жазғы фестиваль кешенінің құрылысы;
— Даңқ залы аллеясының құрылысы;
— Шахристан кешені маңындағы әкімшілік ғимаратын жаңғырту;
— Ғимаратты «Руханият» орталығына арнап жаңғырту;
— Ғимаратты өнер шеберлерінің көрмесіне арнап қайта жаңғырту;
— Оқушылар сарайы құрылысы;
— Ғимаратты көркемөнер көрмесіне арнап қайта жаңғырту;
— 2000 көрерменге арналған жеңіл атлетика манежінің құрылысы;
— 745 көрерменге арналған спорттық гимнастика кешенінің құрылысы.
Сонымен қатар салалық бөліністегі жобалар:
Ауыз су — 46 жоба;
Тұрғын үй — 26 жоба;
Инфрақұрылым — 76 жоба;
Білім саласы — 41 жоба;
Денсаулық сақтау — 23 жоба;
Спорт салсы — 9 жоба,
Мәдениет — 16 жоба;
Ауыл шаруашылығы — 30 жоба;
Қоршаған ортаны қорғау — жоба;
Басқа мемлекеттік нысандар — 6 жоба.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X