Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Аспандияр Мұратәліұлы Сейсебаевтың қатысуымен Тараз қаласындағы Индустриялық аймақ, Шағын индустриялық аймақ құру жұмыстары барысы туралы баспасөз конференция өтті.
Басқосудың негізгі мақсаты — Кәсіпкерлер палатасының бизнеске жеңілдетілген тарифпен жалға берілетін Индустриялық аймақ және Шағын индустриялық аймақ құру бойынша бастамасын кең көлемде кәсіпкерлік қауымдастығына жеткізу.
Облыс әкімі Асқар Исабекұлы өңірдің бизнес-климатын жақсарту, өндірістік секторды дамыту бойынша негізгі бағыт деп – өндірістік секторды алды. Осы бастапқы бағытты қолдай отырып, кәсіпкерлер Палатасының бастамасымен түрлі экономикалық саладағы шағын және орта бизнес арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде жобаларды жүзеге асыру немесе жаңа өндіріс орындарын дамыту кезінде бос өндірістік алаңдарға деген сұраныс пен кедергілер бар екендігі анықталды. Олар: шағын 0,5 гектар жерден 2 гектар жер телімдері деген тапшылық, дайын алаңдар, жақсы көліктік қолжетімділік және жеңілдетілген талаптарда коммуникация жеңілдігінің жетіспеушілігі.
Қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден бір жолы — бизнестің меншігінде тоқтап тұрған, бос тұрған ғимараттар немесе екінші деңгейлі банктер алымшыларының мүліктік проблемалары бар өндірістік бизнесті орналастыру.
Бүгінгі күні облыстағы шағын бизнес өндірушілерін қолдау үшін өңірде — Шағын индустриялық аймақтар құру жоспарланып отыр.
Онда, жеңіл өнеркәсіп азық-түлік немесе фурнитураны дамытуға жол ашылады. Бизнестің көлемі 15 пен 30 миллион теңге аралығында болмақ. Бұл бизнестің жұмысын жеңілдетеді.
Мәселен, кәсіпкер несие алып, өндіріспен айналасуды ниет етті, алайда өз өндірісін қайда орналастыруды білмейді немесе жұмыс істейтін кәсіпкер қымбат ғимаратты немесе орынды жалға алуға мәжбүр, ал ол ғимараттың инфрақұрылымы жоқ, құрылыс нормалары мен ережелесіне сәйкес емес болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда кәсіпкер қайдан қолдау іздеуі керек?
Әрине, бизнесті дамытудың оңтайлы мүмкіндігі – ол бизнестің өндірістік қуатын бос тұрған немесе тоқтап тұрған ғимараттарда орналастырып, жеңілдетілген шартпен, барлық қажетті инфрақұрылыммен қамту.
Тараз қаласы әкімдігімен бос орындарды іздеу және Тізілімін құру жұмыстары басталды. Онда жалға беруде жеңілдетілген тарифтер, икемді баға саясаты, дамыған инфрақұрылым және де бизнестің дамуына ықпал ететін жеңілдіктер қарастырылған.
Кәсіпкерлер палатасы жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге және сүйемелдеуге ниетті, оның ішінде резиденттер (қатысушылар) үшін тегін заңгерлік және бухгалтерлік қызмет көрсету, қаржыландыру тартуға жәрдемдесу, «Атамекен» бизнес-мектебіне оқыту, ақпараттық және PR-қолдау, сондай-ақ, өнімдерді өткізу бар, — екендігін Аспандияр Мұратәліұлы айтып жеткізді.