Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды», — деп Ақорданың Facebook аккаунтында хабарлады.
Ақордада айтылғандай, Ермекбаев Президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. Әр жылдары Сингапурдағы Қазақстан істерінде адвокат, Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Президент көмекшісі болды.
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін — Қазақстанның Қытайдағы Елшісі. 2012-2013 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшісі. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін — Корей Халықтық-Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Елшісі.
2014 жылдан 2016 жылға дейін — Президент көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2016 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болды. Нұрлан Ермекбаев 2016 жылдың қыркүйегінен Қорғаныс министрлігінің басшысы болған Сәкен Жасұзақовты ауыстырды.