Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев мемлекеттік қызмет аппаратын қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағыттарына сәйкес 2018 жылғы 1 жарты жылдың ішінде Департаментпен іске асырылған жүйелі жұмыстар мен нәтижелер туралы баяндады.
Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде кадрларды іріктеудің негізгі тетігі ашық конкурстар болып табылады. Конкурстар мемлекеттік қызметтегі кадрлардың мансаптық ілгерілеуімен қатар, азаматтардың жалпы қолжетімділігін де қамтамасыз етіп отыр.
Жарты жылдың ішінде үміткерлердің қатысуымен өткен барлық 688 конкурстың ашықтық үлесі 100% құрады. Яғни өңірдегі әрбір конкурс байқаушылардың қатысуымен өткізілген.
Ішкі конкурстар нәтижесінде жоғары лауазымдарға мансаптық ілгерілегендердің үлесі 64% (150 адам) құрады. Бұл ретте, ішкі конкурс бойынша ілгерілеу көрсеткіші ЖАО-да 72% көрсетсе (99 адам), аумақтық органдарда 53% болып отыр (51 адам).
Мемлекеттік қызметтің манасаптық моделі кадрлардың тұрақтануына біршама септігін тигізіп отыр.
Ағымдағы жылдың 6 айы қорытындысымен облыстағы таза ауысушылық 2,8% деңгейінде (79 адам) тұрақталды.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткен қызметшілердің жеке әрқайсысымен «интервью» арқылы шығудың себептері талдануда.
Талдау көрсетіп отырғандай, кетудің негізгі себептеріне жалақының төмендігі, сондай-ақ жұмыс ауқымдылығы болып отыр.
Аталған мәселенің оң шешілуіне алдағы уақытта енгізілуі көзделген факторлық-баллды шкала негізіндегі мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сондай-ақ цифрландыру аясындағы қызметтік процесстерді автоматтандыру іс-шаралары өз ықпалын тигізеді деп сенеміз.
Бүгінге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы мемлекеттік қызметшілерді жаңаланған оқу бағдарламалары негізінде оқытуды қолға алды. Оның ішінде жеке құзыреттіліктерді дамыту бойынша арнайы курстар өткізілуде.
Жалпы 6 айда мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жылдық жоспары 54% орындалып отыр.
Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және салаға қызығушылықты арттыру мақсатында мүдделі органдармен бірлескен түрде Академия филиалы базасында «Мемлекеттік қызмет мектебін» ашып, салаға қызығушылық танытқандарға арналған жалпы 40 сағаттық тұрақты тегін курсы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет саласы бойынша жергілікті халықтың танымын кеңейту мақсатымен облыстық телеарнада тұңғыш рет арнайы «Мемлекеттік қызмет» атты бағдарламасы ашылды.
Тәртіп талап бар жерде үстемдік етеді. Мемлекеттік аппараттың кәсібилігі, оның әдептілік бейнесімен үйлесетіні баршамызға мәлім,- деді спикер.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау тиімділігін қамтамасыз ету аясында 2018 жылдың 6 айында 20 тексеру (8 жоспарлы, 12 жоспардан тыс) жүргізіліп, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының 153 (о.і. 1 тоқсанда — 41) заң бұзушылықтары анықталды.
Нәтижесі бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде 7 – ескерту, 3 – сөгіс, 1 – қатан сөгіс, 1 – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 4 – атқарытын қызметінен босату).
Әдеп бойынша кеңестің 5 отырысы өткізіліп, онда барлығы 29 (15-і тәртіптік істер) мәселе қаралды. Кеңестің шешімімен 13 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды (оның ішінде 10-ы Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін), 2– қысқартылды.
Әдеп жөніндегі кеңестің тарапынан жалпы 23 ұсыныс енгізіліп, орындалу көрсеткіші 100% құрады.
2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізін қалады.
Бұл ретте профилактикалық шараларға басымдық беріліп, іс-қимылға азаматтық қоғамды барынша жұмылдыру қолға алынды.
Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (бұдан әрі – СТИ) ресми жарияланып, оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартқаны белгілі болды.
Аталмыш индексте 31 ұпайға қол жеткізу рейтингке алғаш қатысқан сәттен бастап (1999 жылдан бастап) Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады және барынша сыбайласқан елдердің категориясынан шығуға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың міндеттеріне сәйкес 2018 жылдың 6 айында 9 мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша 28 ұсыныс енгізіліп, есепті мерзімге 21 орындалды немесе 75% (7–орындалу үстінде, талдаулар жақын арада жүргізілгендігіне байланысты орындалу мерзімдері әлі аяқталмаған).
Сонымен қатар, 6 айдың ішінде Департамент тарапынан 5 жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жалпы есепті мерзім ішінде Департаментпен сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған барлығы 2,5 мыңнан аса (2551) іс-шара өткізіліп, онда 110 мыңға жуық адам қамтылды.
Атап айтқанда, «Адал жол-Честный путь» марафоны аясында 4 ауданда 260 астам іс-шаралар өткізілді. «Есіктен — есікке» жобасы аясында көпшілік орындарда 130 мың дана арнайы плакаттар, төлем түбіртіктері мен қызмет алушыларға берілетін «Қолхат» парақтарымен бірге 32 мыңға жуық ақпараттық жадынамалар таратылды.
12 мыңнан астам мүшесі бар 390 «Адал ұрпақ» клубтары 1320 іс-шара ұйымдастырды.
Жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бағытында Агенттікпен әзірлеген бейнероликтер жергілікті «Jambyl» телеарнасынан тәулігіне 2 рет жиілігімен көрсетілуде.
Қоғамдық орындарының экрандарында (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жоғары оқу орындары, «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Халық банкі» облыстық филиалдары, «Казпочта» АҚ бөлімшелері, денсаулық сақтау мекемелерінде) тәулігіне 50 рет жиілігімен және облыстық кино орталығында киносеанс алдында көрсетілуі ұйымдастырылды.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыруға бағытталған Тараз қаласы мен аудандарда 80 баннер орналастырылды.
Арнайы мониторингтік топтың 3 отырысы өткізіліп, 7 сұрақ қаралып, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 10 ұсыныс жасалды.
Ағымдағы жылы іске қосылған «Қоғамдық бақылау» карта жобасы аясында Департаментке барлығы 24 хабарлама түсіп, тиісті сараптамалар арқылы жұмыс жасалуда.
Агенттік пен оның аумақтық департаменттері өз қызметін барынша ашықтық принципте жүзеге асырып отыр.
Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 2018 жылдың 6 айында 760 жарияланым шығарылды. Оның ішінде телеарналарда 149 көрсетілім, баспа беттерінде 224 материал, интернет кеңістікте (әлеуметтік желілерді қоспағанда) 354, радиода 33 материал жарияланды.
Сонымен қатар, 54 сұхбат, 65 авторлық мақала, 8 арнайы репортаж, 16 брифинг пен кіші брифингтер өткізілді.
Жалпы Департамент ашықтық пен жариялылық принципін ұстана отырып, басымды бағыттар бойынша жұмыстарын жалғастыра беретін болатындығын, — спикер Мақсұт Ыбрайханұлы айтып жеткізді.