Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдалануы және қорғалуын бақылау басқармасы басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды СЖҚ ҰБ баспасөз қызметі.
Шенеунік Жамбыл облысындағы жеке шаруа қожалық басшысынан 2 млн теңге шамасында пара алып, жер телімін құжаттарын дайындауға көмек жасады деп күдік тудырып отыр.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал біздің біле алғандығымыз, басқарма ешқандай жерді пайдалануға арналған құжаттар бере алмайды. Ол функция тек жергілікті әкімдіктерге қарасты. Ал, басқарманың тікелей функциясы бос жатқан, тиімсіз пайдаланып отырған жерлерді анықтап мемлекет меншігіне қайтару. Бұл жұмысқа Асқар Мырзахметов қатты көңіл бөлген болатын. Осыдан кейін, құжат беруге бақылаушы мекеменің қандай қатысы бар деген орынды сауалдың қойылатындығы белгілі. Дегенмен, әліптің артын бағып, мәселенің мәнісін құзырлы орган өкілдеріне қалдырайық. Бұл іс біздің де бақылауымызда болмақ.
turaninfo.kz