Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 27 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Меркі аудандық мәдениет үйінде «Ауылдық клуб мекемелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында» атты облыстық семинар өтті.
Семинарды Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Жантелиев ашып беріп, ұйымдастырушыларғасәттілік тіледі. Алғы сөзді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Ж.Құттыбаеваға жалғады.
Содан кейін жиын барысы Облыстық халық шығармашылығы орталығының білікті мамандары, атап айтқанда орталықтың бөлім басшысы Мөлдір Қыздарбекова «Ауылдық клубтарының заманға сай безендірілуі» тақырыбында ой қозғап, шолу жасаса, орталықтың әдіскері Ербол Ағабек «Мәдениет саласы мамандарының халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру. Ақпараттық орталықтардың мақсаты» атты тақырыпта баяндама жасап, өзекті мәселелерді талқыға салды.
Сонымен қатар, Сарысу аудандық мәдениет үйінің әдіскері М.Қозыкеева «Ауылдық клубтардың заман талабына сай орталыққа айналдыру» тақырыбында, Меркі аудандық мәдениет үйінің әдіскері Н.Зәуірова«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауылдық клубтарға әсері, Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Тайтимова «Ауылдық елді мекендерде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралардың жаңашыл бағыттары», Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Г.Досмурзаева «Рухани құндылықтарды жандандыруға арналған жобалар», Жамбыл аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Н.Исаева «Мәдени мұра – рухани қазына» атты тақырыпта баяндама жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне де арнайы тоқтап, талдап өтті.
Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өтетін мәдени іс – шараларды ұйымдастыру үрдісінің жаңашыл бағыттары мен оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын үйрету, әдіскерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, мәдени – көпшілік шараларына жаңа әдіс, тәсілдер мен сахналық технология құралдарын тиімді пайдалану, мәдени жобалардың ақпараттандыру стратегиясын ілгерлету мақсатында өткізілген семинарға облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары, аудандық мәдениет үйлерінің әдіскерлері, Меркі аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.