Жамбыл облыстық «Өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз мәслихатына облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Сапаралиев қатысты.
Жақсылық Мырзабекұлының айтуынша, бүгінгі күні облыста «жасыл экономиканы» дамыту жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.
7. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату
8. Электроэнергетика саласын дамыту;
9. Ауа ластануын азайту.
10. Су ресурстарын тиімді пайдалану;
11. Ауыл шаруашылығын жаңғырту;
12. Қалдықтарды басқару.
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан «жасыл экономиканы» дамытудың 2 міндеті айқындалған.
Қалдықтарды басқару бағытында қайталама шикізаттан өнім өндірумен қалдықтарды өңдеу секторын дамыту — өзекті мәселе.
Облыста 2,8 миллион тонна (Тараз қ. – 2,6 млн.тонна) қатты қалдықтар жинақталған. 2018 жылдың 1 жартыжылдығына түзілген жалпы көлемі 31,8 мың тоннаны құраса, Тараз қаласында 12,5 мың тоннадан асады.
Қайталама шикізат және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2020 жылға дейін Жол картасы бекітілді.
Тараз қаласында тұрғын үйлер аулаларында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін (полиэтилен ыдыстарын, пластик, шыны бөтелкелерін) 347 сеткалы контейнерлер орнатылған. Жиналған қалдықтар қайта өңдеуге жіберіледі, — деді спикер.
Облыс орталығында қалдықтары, электрондық құралдар, моторлы майлар, шыны, қағазды сұрыптауға, кәдеге жаратуға арналған 15 мекеме бар (ЖК «Шахристан», ЖК «Хастал оглы П.М.», ЖК «Бақыт», ЖК «Танибеков», ЖК «Санит МиБ», ЖК «ХалалСауда», «KazEcology» ЖШС, «Дажан» ЖШС, «ТаразТехноРесурс» ЖШС, «ТаразТеплоСтрой» ЖШС, «ЮгШинТорг» ЖШС, «ТаразПолиХим» ЖШС, «Айнек-Тара», ЖШС, «ЭкоТехСтандарт» ЖШС, «АклерГруппЮг» ЖШС).
«Промотход Казақстан» ЖШС (Қарағанды қ.) «Оператор РОП» серіктестігімен бірге электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.Қалада 5 контейнер орнату жұмыстары жүргізілмек.
«Луговой жылқы зауытында» көңненбиогаз шығару жүйесі жұмыс істеуде. 16 қондырғысы 1300 текше метр көңді өткізу қабілетіне ие, биогаздың өнімділігі тәулігіне 5300 текше метр. Алынған биогаз жеке қазандықта жұмыс үшін қолданылады.
Жалпы, облыс тұрғындарынан қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту үлесі 79,2 пайызды құрап отыр.
Қалаларда бұл көрсеткіш 100 пайызды құрайды, ауыл елді мекендерде – 64,5 пайыз.Бұл көрсеткіш2021 жылға дейін 100 пайызға жеткізіледі.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қала тұрғындарымен 60 пайыз, коммерциялық мекемелермен 30 пайыз және бюджеттік мекемелермен 10 пайыз шығарылуда.
Облыс бойынша тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын 27 кәсіпорын бар, 501 контейнерлік алаңдар — 2808 дана контейнерлермен қамтылған, 103 арнайы көлік техника бар. Қазіргі таңда тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметі жүйелі түрде, бекітілген кестелерге сәйкес атқарылуда.
Тараз қаласында қалдықтарды жинақтау және шығару қызметімен 6 мекеме айналысады («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, «Сұлтанқазы» ЖШС, «Сәрсенбай» ЖШС, «Нұрлы-Тараз» ЖШС, ЖК «Махмудов», ЖК «Баймұханбетов»).
Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға(374 елді мекеннің 317-да) 165 қатты тұрмыстық қалдықтар үшін полигон орындары белгіленіп, 163 полигонның қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттары ресімделген, 2 рұқсаттардың жарамдылық мерзімдері (Қордай ауданы Қақпатас, Қайнар ауылдары) аяқталған.
2011-2012 жылдары жалпы сомасы 567,2 млн.теңгеге 5 полигон іске қосылған, 2017 жылы 260,7 млн.теңгеге 4 полигон іске қосылды.
«Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен облыста пайдаланылған шамдар (сынапты), химиялық энергия көздері мен батареяларды жинау үшін 106 контейнер орнатылды (Тараз қаласында — 30, Байзақ — 7, Жамбыл — 8, Жуалы — 8, Қордай – 5, Меркі — 10, Т. Рысқұлов — 1, Сарысу — 12, Талас — 15, Шу — 10).
2018-2022 жылдары Жамбыл облысында шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешені (шаралар кешені) әзірленуде.
Тараз қаласының ағынды суларын тазартатын кешені болмауына байланысты облыс әкімдігінің 2018 жылы 28 наурыздағы №52 қаулысымен техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге 35,0 млн.теңге бөлінді.
2018 жылдың 20 шілдесіндегі аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес «Водоканал-консалтинг, инжиниринг» ЖШС жеңімпаз болып айқындалды.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде «Водоканал-консалтинг, инжиниринг» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы 14,8 млн. теңгеге шарт жасасады.
Ауа ластануын азайту бағыты
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылға қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша орталық мемлекеттік органның аумақтық құрылымы мен жергілікті атқарушы органның өзара іс-қимыл жоспары әзірленді. Ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізу үшін бақылауға алынатын кәсіпорындардың тізімі айқындалып Жамбыл облысы бойынша экология департаменті және «Казгидромет» РМК Жамбыл филиалының келісімімен мониторинг жүргізу кестесі бекітілді.
Қазіргі танда, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті 2018 жылдың маусым айында Тараз қаласының булану тоғандары мен сүзгі алаңдарының шайынды суымен ластану мүмкіндігін анықтау мақсатында қаланың булану тоғандары мен сүзгі алаңдарының сыртынан өтетін дренаж каналынан су сынама үлгілерін алып, талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша екінші су сынама үлгісінің бірінші су сынама үлгісінен зиянды заттар иондарының асқанын (сульфат-1,1; аммоний азоты – 1,3; нитрит – 2,7; нитрат – 1,1; фосфат – 1,1) тіркеп, сүзгі алаңдарының шайынды суымен жер асты суының ластану ықтималдығын жоғары екендігін анықтаған болатын.
Осыған байланысты, Тараз қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тараз-Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен Жамбыл облысы бойынша экология департаменті арасында жер асты суының ластануын алдын алу мақсатында келісілген бағдарлама қабылданып, Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің сынақтау зертханасы осы кәсіпорынның (ГОСТ ИСО МЭК/17025-2009) стандартымен аккредиттелген зертханасымен бірлесіп ағымдағы жылдың қыркүйек айында булану тоғандары мен сүзгі алаңдарының нормативі белгіленген бақылау скважиналарынан су сынама үлгілерін алып зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоспар бойынша Жаңатас және Қаратау қалаларының зауыттарының атмосфералық ауаны ластаушы заттардың мөлшерлері мен олардың қоршаған ортаға әсерін анықтау мақсатында 232,7 мың теңге бөлінді. Қорытынды нәтижесі қыркүйек айында ұсынылады.
Зиянды заттардың ауаға шығатын шығарындыларын нақты уақыт режимінде онлайн жүйе арқылы бақылауға алу үшін автоматтандырылған қондырғылар орнату жөнінде ірі кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды («Казфосфат», «Еврохим», «Алтыналмас», «Амангелді Газ», «ACIG»).
Тараз қаласының ағынды суларын тазартатын кешені болмауына байланысты облыс әкімдігінің 2018 жылы 28 наурыздағы №52 қаулысымен техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге 35,0 млн.теңге бөлінді.
2018 жылдың 20 шілдесіндегі аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес «Водоканал-консалтинг, инжиниринг» ЖШС жеңімпаз болып айқындалды.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде «Водоканал-консалтинг, инжиниринг» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы 14,8 млн. теңгеге шарт жасасады.
Жасыл белдеу» бағдарламасын орындалуы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмасына сәйкес, елді мекендерін көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер жасаудың іс-шаралары жоспарын негізінде, Жамбыл облысы бойынша 2016 жылы 398,4 гектар жасыл желектер отырғызылған. 2017 жылы 1057,6 гектар жасыл желектер отырғызылған. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 340 гектар жоспарланып, 281,05 гектар жасыл желектер отырғызылған.
Жануарлар дүниесі және балық шаруашылығы
Жергілікті бюджеттен жыл сайын жануарлар дүниесін қорғау іс-шараларына қаржы бөлініп тұрады. Ағымдағы жылы 7400 мың теңге бөлінді.
Бұл қаржыға мемлекеттік орман қоры аумағында мекендейтін аңдар мен құстардың есебі алынуда, биотехникалық т.б. іс-шаралар жүргізілуде.
Атап көрсеткенде, зиянкес жыртқыш аңдардың кейбір түрлерінің (қасқыр, шиебөрі, тағы басқара) санын реттеу үшін 2013 жылдан бастап жүйелі түрде қаржы бөлінумен келеді. Бұл жерде олардың саны билогиялық тепе-теңдік көлемінің сақталуы мен өсімінің молайуы ескеріле отырып реттелуде.
Ағымдағы жылы 1,680 мың қаржы жоспарланған. Бұл қаржыға 140 қасқыр мен шиебөрі жойылатын болады. Жануарларға қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету үшін ағымдағы жылы 14 тонна жем, 28 тонна шөп, 11 тонна тұз әзірленіп, олар аң мен құстардың көп мекендейтін ортасына жеткізілді.
Сондай-ақ, барлық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріндегі рейдтік топтар толықтай бақылау құралдарымен – бинокль, бейнетаспа, фотоаппараттармен қамтамасыз етілген.
Атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде. Жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, жабайы тұяқты аңдардың саны тұрақталды және кейбірулерінің өсімі байқалады. Мысалы, 10 жылдың ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген Қаратау арқарының саны 11,6 пайызға, қарақұйрық пен үнді жайрасының саны 1,8 есеге молайды.
Т.Рысқұлов, Байзақ, Меркі аудандарының аумақтарындағы басқарманың нақты атқарылған жұмыстарының арқасында 298400 гектар аумақта «Үмбет» және 68910 гектар аумақта «Меркі» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдары құрылып, жұмысына кірісті.Сондай-ақ, Жуалы ауданында аумағы 148300 га, Қордай ауданында аумағы 369570 га құрайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ды құру жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі қайта қаралуда. Өйткені, соңғы уақытта көлде тауарлы, тор қоршамада балық шаруашылығы дамыту мәселелері өте маңызды болып отыр.
«Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары» 008 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта, бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарын айқындау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Конкурстық негізде аңшылық алқаптарды табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде 48 аңшылық алқаптың 46-ы табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің талабы бойынша ағымдағы жылдың өткен уақытында 180 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бюджетке 2,9 миллион теңге қаржы түсті.
«Жасыл экономикаға» көшу мәселелері тұрақты бақылауда, — деп Жақсылық Сапаралиев өз сөзін аяқтады.