20 маусымда «Тараз Арена» спорт кешенінде Ұлы отан соғысының ардагері ҚАЗССР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, генерал-майор Қыдырғали Нұрмағанбетовты еске алу құрметіне арналған Жамбыл облысы бойынша құқық қорғау органдары және күштік құрлымдар арасында шағын-футболдан облыс біріншілігі өтті.
Жарыс барысында 13 команда ойын көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша 3-ші орынды 20/35 шекара әскери бөлімінің командасы иеленді, 2-ші орынға Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің командасы ие болды, ал 1-ші орынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің командасы шықты.
Үздік қақпашы болып ЖҚАЖ кезекші инспекторы полиция капитаны Арзымбетов Даурен танылды. Жеңімпаздар кубоктар, медальдар және дипломдармен марапатталды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ