Бүгін тараздықтар «Ерлік» мемориалды кешенінде оқыста опат болған оғлан, Қазақстанды əлемге танытқан мəнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасты.
Жамбыл облысы əкімдігінің арнайы қойған баннеріне қараша халық ұлын жоқтап гүл шоқтарын қойды.
Қаралы жиынға 300-ге жуық тараздықтар қатысты. Жүзуден параолимпиядалық ойындар чемпионы, облысымыздың мақтаныштары Зулфия Габидуллина мен армреслингтен әлем чемпионы Дмитрий Трубин арнайы келіп қалың көпшілік алдында Денис Тен туралы естеліктерімен бөлісті. Жиналған көпшілік аспанға ақ түсті шар ұшырып, қыршын кеткен марқұмды жоқтады.
Бар жоғы 25 жас ғұмырында əлемді аузына қаратқан арда азаматымыздың əділетсіз өмірі күллі қазақ халқын теңселтіп жібергендей. Қарақшылардың қолынан айдың күні аманында қаза тапқан Денис Тен бүгін қара жер қойынына тапсырылады. Бақұл бол, ЧЕМПИОН!
#Таразда #Денис #Тенді аза тұту
Опубликовано Исламбеком Дастаном Пятница, 20 июля 2018 г.
TURANINFO.KZ