ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІ БОЙЫНША ЕКІНШІ КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Алдын ала таратылған ақпарат бойынша Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала таратылған ақпаратқа қарағанда, Арман Құдайбергенов ұсталды. Бүгін кешке сағат 20:00-де Алматыда арнайы брифинг өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктіге іздестіру жариялады және бұл жұмысқа жеке құрам мен Ішкі істер департаментінің өзгеде аудандық күштері жұмылдырылды.

Айта кетейік, адам өлтірді деген күдікпен 1994 жылы туылған, Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов іздестірілді.

Baq.kz


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X