ЖАМБЫЛ ЖЕРІНІҢ КИЕЛІ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары Жамбыл облысының киелі, мәдени нысандарын тамашалады. Мәдени шара оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалануды көздейді.
Туған елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу, жастардың отаншылдық сезімдерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған республикалық өлкетану акциясы аясында оқушылар ХІ ғасырда салынған Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа хатун6 «Тектұрмас» кесенелерін, «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығын, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументін, «Тараз Арена» спорт кешенін және Жеңіс саябағын аралап, киелі шаһардың мәдени нысандарымен танысты.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі «Рухани жаңғыру» Орталық жобалық офисімен бірлесіп жазғы демалыс уақытында аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, республикалық және облытық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарының Қазақстанның киелі объектілеріне, соның ішінде Астана қаласына баруы жөнінде республикалық өлкетану акциясын жоспарлап, өңірлік делегациялардың облыстар мен қалалардың киелі орындарына баруының кестесін бекіткен.
Аталған кестеге сәйкес 5-8 шілде күндері Тараз сервис және технология колледжінің 25 студенті Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәдени нысандарын тамашалап қайтты. Шілде айының соңғы аптасында аталған облысқа өңірден тағы 45 мектеп оқушылары мен колледж студенттері аттанады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X