Денис Теннің өліміне күдікті деп танылған жамбылдық азамат ұсталды

Денис Теннің өліміне кінəлілердің бірі ұсталды. Ол 1994 жылы туған Жамбыл облысының азаматы болып шықты. Есімі Нұралы Дəулетбекұлы Қиясов. Ол жасаған қылмысын мойынына алып, қазіргі уақытта уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Екінші күдіктінің де аты жөні белгілі болып, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша қажетті бірқатар жедел тергеу əрекеттері өткізілуде.
Аталмыш іс Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X