Қалың жұрттың еңсесін езіп жіберген қазаға байланысты белгілі тұлғалардың әлеуметтік желіде Денис Теннің мезгілсіз қаза табуы қызу талқыға түсіп жатыр.
Бүгін отандық спорт пен мен күллі қазақ даласы ауыр қазаға душар болды. Қазақстандағы мəнерлеп сырғанау спорт түрінің жарық жұлдызы, ел намысын əлемдік мұз айдынында қорғап жүрген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Денис Тенді Алматының орталық көшелерінің бірінде тапа-тал түсте көлік тонаушылар пышақтап кетті. Алған ауыр жарақатының салдарынан спортшы ауруханада екі сағат өмір мен өлім арасында арпалысып жатып көз жұмды.
Ресейдің вице-премьері Виталий Мутко қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туыстары мен достарына көңіл айтты
— «О,Құдайым, бұл өмір қандай қатыгез. Осындай оқиғалардың нәтижесінде талантты жастарымыздан айырылып қалудамыз.. Денис, Сочидегі Олимпияада ойынында керемет спортшы ретінде есімде қалды. Мен Денистің отбасына және оның туыстарына көңіл айтамын»,-деді Мутко
Халықаралық олимпиада комитеті Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты
-Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты. «Қазақстанның олимпиадалық комитеті мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің қазасын растады. Оның жасы 25-те болатын. Біздің ойымыз спортшының отбасымен, достарымен және мәнерлеп сырғанау спортының барлық жанкүйерлерімен бірге», – делінген ХОК-тің Twitter-дегі ресми парақшасында. Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Тен Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. Оны қарақшылар пышақпен бірнеше жерінен жаралаған. Дәрігерлер спортшының өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қала алмады.
Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының əкімі
Көңіл айту!
Еліміздің біртуар азаматы, Олимпиада тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық тұңғыш жүлдегер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Теннің мезгілсіз қаза болуына байланысты Жамбыл жұртшылығы атынан қайғырып көңіл айтамыз.
Денис Тен қамшының сабындай қысқа ғұмырында спорт әлемінде еліміздің көк туын талай мәрте желбіретті.
Оның мұз айдынындағы қайталанбас өнерін спортсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады.
Денис Теннің спорттағы ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды.
Сонымен қатар блогер, заңгер Айгүл Орынбек: Қауіпсіз дамыған ел қайда Министр Қасымов мырза?!
Тағы бір жұлдызымызды сақтап қала алмадық.
Айна ұрлаған бейшаралар, чемпионымыздан айырды.
Отыз дамыған елге кірген Қазақстан өз халқының қауіпсіздігін сақтай алмай отыр.
23 миллионға пайдасыз тиын, мүсін қойғанға ұста біздің сорлы билік.
Полиция жемқорлыққа толы, ақша берген қылмыс ашылады, ақша бермесең сол күйі жабық тұрады. Адамның өмірін тиын көрмейді біздің ел. Барлық дворларға камера орнатып қоюға болатын еді, бірақ біздіңкілер ол ақшаны оффшор арқылы шет ел асырып отыр. Мен бұндай елде тұрғым келмейді. Халқының қауіпсіздігін сақтай алмайтын билік кімге керек құрметті Елбасы?
Министрді отставкаға жіберетін уақыт келді.
Адам өлтіргендер, ұрғандар бостандықта,
Тауық ұрлағандар темір тордың артында отыр осы шіріген жүйенің арқасында!
Рухани жаңғыру қашан болады?
Ол үшін тағы қанша халық өлу керек?Жазықсыз өлген адамдардың қаны сендердің мойындарыңа!
Қанішерлер, әрбір жазықсыз өлген адам үшін, осы өмірде ұрпақтарың жауап