Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың арнаулы оқу орындары белгіленді

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын өңірдегі арнаулы оқу орындары белгіленді. Негізінен, тапсырыстың бюджеттік бағдарлама әкімшісі «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады. Айта кететін болсақ, «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 300 грант иесін анықтау қажет болса, оның ішінде «Негізгі білім беру» мамандығы бойынша 100 грант, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» және «Бастауыш білім беру» мамандықтарының әрқайсысына 50 грант тиесілі. Ал «Ән салу» мамандығы бойынша нeбәрі 8 грант қана бөлініпті.
Биыл Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне 14 мамандық бойынша 420 грант бөлінген. Сондай-ақ Құлан ауылшаруашылық колледжіне 4 мамандық бойынша (дәнекерлеу ісі – 25, агрономия – 50, ветеринария – 100, фермер шаруашылығы — 125) 300 грант, №9 Меркі колледжіне 225 грант, №13 Тараз теміржол колледжіне 250 грант қарастырылған.
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік білім беру тапсырын орындау мақсатында Жамбыл медициналық колледжіне 375 грант, оның ішінде емдеу ісіне – 75, фармация – 50, медбике ісіне- 250 орын беріліп отыр екен.
Сонымен бірге «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына 820 грант қарастырылыпты. Бұдан өзге аймақта техникалық және кәсіптік, орта білім беруге барлығы 5024 грант бөлініп отыр екен.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X