Таразда балаларға ақысыз ІТ-сынып ашылды

Бүгін мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығында «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы алғашқы ІТ-сынып ашылды.
Аталмыш іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Шукеев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырова, партияның Тараз қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
«Нұр Отан» партиясының басмашыл жобаларын іске асыру мақсатындағы желілік кесте бойынша жыл соңына дейін 12 ІТ-сынып ашу жоспарланған.
Іс-шара барысында ІТ-сыныптың жұмысымен «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының» директоры Ш.Кашкинова және ІТ-сынып сабақ беретін мұғалім Б.Ошақбаев жан-жақты таныстырып, түсіндірді.
ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Интернетке қосылған. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.
ІТ-сыныпта оқушылар «STEM centr» акдемисы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушыларға оқытылады.
ІТ-сыныпта оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгереді. Онда оқушылар «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Онда оқушылар «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын меңгеріп шығады.
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевтің айтуынша «Нұр Отан» партиясының бұл бастамашыл жобалары Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайын екенін көрсетеді.
Қазірдің өзінде облысымызда жаңа партиялық жобалар өз жұмысын бастап кетті. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастық арасында бірқатар меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек облыста тағы да 3 коворкинг орталық және 1 білім орталығын ашу жоспарлануда.
Айта кетерлігі, Жыл соңына дейін ашылатын 12 ІТ-сыныпта 1300 оқушы қамтылады. 2019 жылы 1800, 2020 жылы 2400 бала ІТ-сыныпта оқып шығады.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X