Микрокредиттер Жамбыл облысының диқаншыларына көмектесуде

Аграрлық сала Жамбыл облысының экономикасын маңызды құраушы болған және бола бермек. Мыңдаған ұсақ және ірі қожалықтар көкөністер мен жемістер өсірумен табысты айналысып, оларды Қазақстанның көптеген аймақтарына, сондай-ақ Ресейге экспортқа жіберіп отыр.
Соған қарамастан, көптеген фермерлер үшін маусымның табысты болуы көбіне көктемгі егістік жұмыстарын жүргізуге, жазда алқаптарды өңдеуге және күзде өнімді жинауға қажетті қаражаттың жеткілікті болуына байланысты. Солардың ішінде 12 700 адам – ауыл шаруашылығымен: мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын KMF микроқаржылық ұйымының клиенттері.
Облыстағы KMF қарыз алушыларының арасында пияз, қант қызылшасы, картоп, помидор және қияр секілді көкөністерді, қарбыз, қауын сынды бақша өнімдерін күтіп-баптаумен ондаған жылдар бойы табысты түрде айналысып келе жатқан фермерлер аз емес.
Абдухахар Сулейманов бүкіл ғұмырын егіншілікке арнаған фермер. Нақты айтқанда, 60 жылының 50 жылын алқаптарда өткізген. Егіншілікке алғаш келгенде Абдухахар мүлдем бала болатын, ол ата-анасына сәбіз және сарымсақ өсіруге көмектесті. Алайда, Одақ құлағаннан кейін көп нәрсе өзгерді. Ұжымшарды таратып жіберді, бұрынғы ұжымшарға тиесілі жер жұмыскерлердің арасында үлестірілді.
Абдухахардың өміріндегі жаңа кезең Жамбыл облысында KMF филиалының ашылу сәтіне тұспа-тұс келді. «Қасықтың құны ас ішкенде көрінеді» деген мақалдағыдай. Біздің жеріміз болды, ал дамытуға және техниканы жалдауға ақшамыз жетпеді. KMF осы проблемаларды шешуге мүмкіндік берді» — деп егіншіліктегі алғашқы дербес қадамдары туралы бөлісті. Көп ұзамай Абдухахар KMF-тің клиенті болады және бірінші микрокредитін алады. Оның айтуынша, топтық кредиттеу агробизнесте өте тиімді және қолайлы. Топта бірнеше адам болғандықтан, басқа алқаптардың бригадирлері де топ бойынша серіктестерінің ісі қалай жүріп жатқанына қамқор болады. Олар әрдайым бірін-бірі қолдап, қажет болса көмектесіп жүреді.
Бүгінде Абдухахар негізінен тұқым сатып алуға көктем сайын кредит алады, өйткені пияздың тұқымы арзан емес, ал оны 7 га жерге егу қажет.
Анатолий Кавунжиди шаруа қожалығының басшысы. 1982 жылы мемлекеттен жалға жер алып, ауыл шаруашылығымен айналыса бастады: ата-анасымен бірге бақша өнімдерін және көкөністер өсіріп, мемлекетке белгіленген бағада тапсырып отырды. 2013 жылы ол «Кавунжиди» шаруа қожалығын құрды. 2014 жылы шаруашылықты дамыту үшін Анатолий Николаевич KMF-ке хабарласып, екі ауылдасымен бірге «Байлық-14» атты топ ашады. Содан бері көктем сайын ол егіс жұмыстарына, ал күзде жинау жұмыстарына микрокредиттер алып отыр. КМF-пен ынтымақтасудағы артықшылықтарды ол өтеудің қолайлы кестесінен көреді – өнімді жинау және сату маусымына дейін жеңілдікті кезең беріледі. Бизнестің өзіндік ерекшелігі мен маусымдылығы ескеріледі.
Қазіргі уақытта қожалықта жер жұмыстары үшін қажетті барлық арнайы техника, жүк автомобильдері бар. Алқапта оған ұлы мен маусымдық жұмысшылар көмектеседі, бұл Анатолий Николаевичке тек логистикалық және басқару мәселелерімен ғана айналысуға мүмкіндік береді. Қожалықта өнімді қолмен жинайтындықтан, бір маусымда 15 адамға дейін жалдайды. Жұмысшыларға күнделікті жұмысына ақы төлеу үшін де Анатолий KMF-тен микрокредит алады.
Бүгінде «Кавунжиди» қожалығы 12 га қарбыз, 20 га қызылша, 1,5 га қырыққабат егеді, ал қалған 8 га қызанақ, қияр, картоп егуге арналған. «Соңғы екі жылда қант қызылшасына өттік, оны қант зауытына өткіземіз. Қалған барлық көкөністерді қаладан келетін көтерме саудагерлер алып кетеді», — деп түсіндірді кәсіпкер.
Әр маусымда қожалықта бір гектар жерден шамамен 50-80 тонна қарбыз алады. Бір маусымда орташа есеппен қарбыз өнімі 600 тоннадан асады. Қарбыз табиғи және тәтті болуы үшін оларды алдымен жылыжайда өсіреді. Жазғы маусымға жақын оларды алқапқа егеді, онда олар сырттан ешбір араласусыз қажетті бабына келгенше піседі. Фермердің айтуынша, оның көптеген әріптестері жемістердің өскенін күтпей, алқапты жасанды түрде «құрғатады», бұл улануға және тәтті емес қарбыз сатып алуға әкеледі. Бір рет болса да қарбыз сатып алған әрбір адам осы жазғы жемісті өзінің түсініктері мен ережесін басшылыққа ала отырып таңдайды.

Микрокредитке өтінімді KMF микроқаржылық ұйымының сайтында (www.kmf.kz) беруге болады
Жамбыл облысындағы KMF микроқаржылық ұйымы бөлімшелерінің мекенжайлары:
• Тараз қ., Ыбырайым Сүлейменов көш., тел: 54-66-30
• Тараз қ., Телецентр көш., 1а, тел: 8 7262 51 02 65
• Қаратау қ., Ә.Молдағұлов көш. 59-61, Ақшораев көш. 5/9 арасындағы үй тел. 6-16-74
• Қордай ауылы, Бәйдібек көш., 148, тел: 2-29-17
• Шу қ., Науалиев көш., 7б., тел: 8 2-13-16
• Құлан ауылы, Жібек жолы көш., 90. тел: 2-16-89
• Мерке ауылы, Исмаилов көш., 227 б, тел: 2-29-07
• Б.Момышұлы ауылы, Латикант көш., 4а, тел: 2-01-16
• Жаңатас қ., 2 ш/а, 6-үй. тел: 6-29-43


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X