Таразда алғаш рет «Coworking center — Коворкинг орталығы» ашылды

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары — заманауи білім орталығы» бастамашыл жобасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының Абай атындағы орталықтандырылған кітапханасында «Coworking center — Коворкинг орталығы» және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Ақпараттық білім беру орталығы» ашылды.
Арнайы жастарға бағытталған орталықтардың мақсаты: Барлық санаттағы келушілерге мол мүмкіндіктерді қарастыру. «Online — Offline» форматында Республика, облыс, қала деңгейіндегі түрлі сала мамандарының қатысуымен іс-шаралар өткізу, пікір алмасу, жүздесу, еркін ой бөлісу, семинар, тренинг, шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік жасау. Кітапханалардың жаңа моделін енгізу.
Шара барысында арнайы орталықтардың ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ, Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханасы мен «Жас Отан» Жастар қанаты өзара бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумына қол қойылды.
Жалпы, облыс орталығы мен аудандарда жыл қорытындысы бойынша 12 коворкинг орталығы мен ақпараттық білім беру орталықтарын ашу жоспарланып отыр.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X