Жамбыл облысында 2015 жылдың 20-шы ақпанында жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының филиалы ашылып, қазіргі таңда қарқынды жұмыс істеуде. Палата филиалының бүгінгі жұмыс барысы мен алдағы жоспарлары туралы брифинг өтіп, облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш.Айнақұлов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бері. Баспасөз мәслихатындаға елімізде 2011 жылдан бастап жеке сот орындаушылары институты алтернативті түрде мемлекеттік сот орындаушылармен қатар қызмет істей бастағаны айтылды. Жалпы өңірде алғаш рет 2011 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының аймақтық алқасы құрылып, мемлекеттік тіркеуден өтіпті. Сол кезеңнен бері жеке сот орындаушылары институты жылма жыл дамып, бүгінде аяғына нық тұрып, халыққа қызмет көрсетуде.
Жеке сот орындаушылары институтының дамуына, Елбасымыздың бес институционалды реформасын іске асыру бойынша жүз нақты қадам Ұлт жоспарының 27 қадамында, «Жеке сот орындаушылардың институтын дамытып, мемлекеттік сот орындаушыларды кезең-кезеңмен қысқарту», тапсырмасы себеп болды. Осы тапсырманы орындау мақсатында, ҚР Әділет министірлігі бастамасымен жеке сот орындаушылардың Республикалық палатасы құрылып және әр облыс орталығында олардың филиалдары ашылды.
Аймақта 2015 жылдың 20-шы ақпанында жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының филиалы ашылып, қазіргі таңда қарқынды жұмыс істеуде. Егер 2011 жылы облысымызда 3 жеке сот орындаушысы ғана жұмыс істеп, олардың атқаруында 30 өндіріс болған болса, бүгінгі күні облысымызда 73 жеке сот орындаушылары халыққа қызмет көрсетуде, оның ішінде Тараз қаласы 48 жеке сот орындаушысымен, облыстың барлық аудандары 25 жеке сот орындаушыларымен қамтылған және олардың атқаруында жалпы құны 65,5 млрд. тенгені құрайтын 110 мың атқару өндірісі бар.
Осы уақытқа дейін, Жамбыл облысы Әділет департаментімен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға 85 үміткерлерге аттестаттау өткізіліп, оның ішінде 45 үміткер оң нәтиже көрсетіп, аттестатталды.