25-28 маусым аралығында 19 жаңа әлеуметтік және басқа нысандар іске қосылмақ

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Жамбыл облысында ашылатын әлеуметтік және басқа да нысандар тізбесі белгілі болды. Мерейтойдың қарсаңында 25-28 маусым аралығында 19 нысан, 3 шілде күні телекөпір арқылы Күн электр станциясының екінші кезеңі (50 МВт) іске қосылмақ.
25 маусым күні Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында 75 орындық «Ерік ата» бөбекжай балабақшасы, құны 11 млн. теңге, жеке инвестиция арқылы салынды. Оның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатыспақ. Қордай ауданында 4 нысан қолданысқа берілмек. Олар: Қасық ауылдық округінің Әлжан ана ауылы тарихи өлкетану музейі, Қасық ауылдық округі Әлжан ана ауылының дәрігерлік амбулаториясы (20 келушіге), Қасық ауылдық округі Әлжан ана ауылының кіші футбол алаңы (60 орындық), «QASYQ» Ауыл шаруашылығы кооперативі. Облыстық бюджеттен 303,2 млн теңге қаржы игерілді.
26 маусым күні Тараз қаласында Абай даңғылы 109 велосипед және спорттың су түрлері бойынша облыстық арнайы балалар-жасөспірімдер №4 спорт мектебіндегі велосипед базасы мен облыстық олимпиадалық резервтің арнайы мектебі үшін
3 ангарлық спорт зал салынды. Облыстық бюджеттен 661,2 млн теңге жұмсалынған болатын. Қордай ауылында 320 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 200 балаға арналған «Керімбала» балабақшасының лентасы қиылмақ. Кешеннің құрылысына облыстық бюджеттен 420,8 млн теңге берілсе, ал балабақша құрылысы жеке кәсікердің қаражатына соғылды.
27 маусым күні Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылында жеке кәсіпкердің қаражатына 50 балаға арналған «Зерде» балабақшасы, Қордай ауданы Бетқайнар ауылында 100 балаға арналған «Асыл перзент» жеке меншік балабақшасы, Шу ауданы Төле би ауылында 150 балаға арналған балабақшаға ыңғайластырылып екі жеке мекшік балабақша ашылғалы тұр. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына облыстық бюджеттен 362,8 млн теңге қаражат игеріліп, нысан қолданысқа берілуге дайын тұр.
28 маусым күні Тараз қаласында «Көкжиек — 2030» ЖШС Сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын, облысы Талас ауданы Қаратау қаласы, 5 мөлтек ауданы №51 көпқабатты тұрғын үй (70 пәтерлік), 50 балаға арналған «Елдана» балабақшасы, Меркі ауданы Ақтоған ауылында балабақшаға ыңғайластырылған «ЕРСҰЛТАН» жекеменшік балабақшасы, Сарысу ауданында Ас тұз өндірітін зауыттың құрылысы аяқталып ашылмақ.

Барлығы 20 нысан бой көтерсе, оның ішінде балабақша – 8, медицина нысаны — 1, спорт нысандары — 5, тұрғын үй — 1, ауыл шаруашылық кооперативі – 1, музей – 1, өндіріс орыны – 3 (1-і Ұлттық көпір арқылы) халық игілігіне берілмек.

TURANINFO.KZ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X