Облыста Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама бойынша 4 нысаналы индикатор мен 26 көрсеткішке қол жеткізу көзделген (Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі (2016ж.-82,7%, 2017ж.-87,5%, 2018ж.-90%, 2019 жылы — 100%), НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып, 2017 – жылы 2,5,7 сыныптар, 2018- жылы -3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы – 4,9,11,12 сыныптар), Оқушылардың «Жақсы» немесе «өте жақсы» (білім беру сапасын) үлгерімінің үлесі (2016ж-60%, 2017ж.-62%, 2018ж.-65%, 2019ж.-70%), Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі(2016ж-90%, 2017ж.-92%, 2018ж.-94%, 2019ж.-95%))
1. Бағдарламадағы негізгі индикаторлардың бірі — жаңартылған білім мазмұны бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі.
Бүгінгі күні (25.05.2018ж.) облыста 484 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 52496 бала тәрбиеленуде (332 балабақша — 45055 бала, 152 шағын орталық – 7441 бала).
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 68% (2016ж. — 56,9 %), 3-6 жас аралығында – 90,2%.
2018 жылдың соңына дейін 5064 орындық 62 мектепке дейінгі ұйымдар ашылады деп күтілуде (оның ішінде: 48 жекеменшік балабақша, 14 мектептің жанынан шағын орталықтар).
2018 жыл басынан 450 орындық 8 жекеменшік балабақша ашылды.
(2017 жылы 4623 орындық 33 балабақша және 4 шағын орталық ашылды)
Бүгінгі күні 105 (103 б/б – 10672 бала, 2 ш/о – 185 бала) жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 10857 бала тәрбиеленуде.
Бұл мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың 20,6%-ын құрайды. Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру — бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
2. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін бағдарламада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесін арттыру көзделген.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 2016 жылы -1 сынып, 2017 жылы — 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы -3,6,8,10 сыныптар, 2019 жылы — 4,9,11,12 сыныптар жаңартылған бағдарламамен оқитын болады. Жоспар орындалуда.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен 1-сынып оқушылары (25767 оқушы) жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшсе, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,5,7 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына және 5 күндік оқу аптасына көшті.Бүгінгі күні облыстағы 2 мектептің (Тараз қаласы, №41 гимназия; Т.Рысқұлов ауданы №1 мектеп-лицей) 3-ші сыныптарында (271 оқушы) жаңа стандартқа сай әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері, оқу жоспарлары мен бағдарламалар сынақтан өткізілуде.
Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі трансляциялануда.
3. Оқушылардың «Жақсы» немесе «өте жақсы» (білім беру сапасын) үлгерімінің үлесі (2016ж.-60%, 2017ж.-62%, 2018ж.-65%, 2019ж.-70%).
Облыс бойынша 2017-2018 оқу жылының ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша үздік және жақсы оқитын 135633 оқушылардың үлесі 64,8%-ды құрады. Жоспар орындалды.
Апатты жағдайдағы мектептер саны — 7, мектептердің жалпы санынан авариялық мектептердің үлесі 1,6% құрайды (жоспар-1,1%).
3 мектептің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда(3-ЖБ).
Бір мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы басталып 2019 жылы аяқталады.
Қалған 3 мектептің мәселесі 2019-2020 ж.ж. шешіледі деп жоспарлануда.
Үш ауысымда жұмыс істейтін 4 мектеп бар.
3 мектептің құрылысы 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
1 мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы басталады.
Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі — 0,9%-ды құрайды (жоспар — 0,7%).
Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектептердің 60,2%-да мүгедек балалар үшін «кедергісіз қолжетімділікті» қамтамасыз ету жүзеге асыру үшін мақсатты жұмыстар жүргізуде.
Білім беру қажеттіліктері бар ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі облыс бойынша 30 %-ды құрап отыр, жоспар бойынша бұл көрсеткіш — 20 %.
4. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – техникалық және кәсіптік білім беру үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау.
Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан үлесі (2016ж-90%, 2017ж.-92%, 2018ж.-94%, 2019ж.-95%).
2017 жылы ТжКБ оқу орындарында оқуды мемлекеттік тапсырыс негізінде 3944 түлек бітірді. Жұмыспен қамтылғандары — 3605 немесе 91,4%-ды құрады.
Анықтама үшін: Бітірушілердің жұмысқа орналасу бойынша мониторинг ай сайын (2017-2018 оқу жылының соңына дейін 2018 жыл мамыр) жүргізіледі.
Олардың ішінде мемлекеттік колледждердің заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханаларының және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесін 44,4%-ға жеткізу көзделген, облыс бойынша бұл көрсеткіш — 45,3% құрайды.
Сондай-ақ, технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесін 75%-ға жеткізу көзделген, жоспар 17,3%-ға артық орындалып,92,3%-ды құрады.
26 — мемлекеттік колледждердің 24-і технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуальды оқыту жүйесіне енген.
Бағдарламада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыру мақсатында типтік жастағы (14-24) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесін 17,5%-ға арттыру жоспарланған. Бұл көрсеткіш облыста 17,7%-ға орындалып отыр.
Облыста типтік жастағы жастардың саны 137335, техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған жастардың үлесі — 24394 (17,7%) құрайды.