Жамбыл облыстық соты ағымдағы жылдың 08 сәуірінде Жоғары Сот Кеңесі 75 бос судья лауазымына конкурс жариялағанын хабарлайды, оның ішінде 5 Жоғарғы Сот судьяларының, 2 облыстық сот алқаларының төрағалары, 22 – аудандық соттардың төрағалары және 46 – аудандық соттардың судьялары, құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 8 мамырына дейін. Осыған байланысты, 2019 жылдың 26 сәуірінде сағат 10-00-де Жамбыл облыстық сотында соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.
Судьяға әлеуетті кандидаттар (судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған және облыс соттарында тағылымдамадан өткен немесе мамандандырылған магистратураны бітірген судьяға кандидаттар) соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындыларын алу үшін Жамбыл облыстық сотына жазбаша өтініш білдіруіңізді сұраймыз.
Қосымша ақпараттарды 8 -7262-999-141, 8-7262-999-154 телефондары арқылы алуға болады.
Тізім
Жоғары Сот Кеңесі жариялаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындыларын алуға 2019 жылдың 08 сәуірінде өтініш берген тұлғалар
№ | Аты-жөні | Кәзіргі жұмыс орны, лауазымы |
1 | Абидов Нұрмұхаммат Махаматұлы | Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы |
2 | Досымқұлов Рашид Жабықұлы | Жамбыл облыстық сотының судьясы |
3 | Назарқұлов Ансабек Сатыбалдыұлы | Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының судьясы |
4 | Төлепберген Ж. | Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының сот отырысының хатшысы |
5 | Чарипбекова Салтанат | Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының сот отырысының хатшысы |
6 | Тулегенов Алмаз Корганбекович | Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты |