Жамбыл облысында өткен жылы 252 сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде бақылаулы сатып алулар жүргізілген
Мұндай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жарқынбеков Берік Құзарұлы, ҚР ДСМ ҚДСК Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Шыналиев Байділда Сейділдаұлы бөлісті.
Берік Құзарұлының айтуынша, қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысы – аурулардың алдын алу мен денсаулықты нығайтуға қол жетімді және тиімді механизмдерді енгізу сияқты басты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бұл мақсаттар, өмірдің барлық деңгейін қамтыйды: сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан, салауатты тәртіп, экологиялық қауіпсіздік, жастар мен ересектер арасындағы еңбек гигиенасы мәселелерінен, егде жастағы адамдардың созылмалы дегенеративті ауруларының алдын алу мәселелеріне дейін. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен оның аумақтық басқармалары қызметінің тағам өнімдері, балалар тауарларының ассортименті және халық тұтынатын өзге де тауарлардың қауіпсіздігі сияқты басты бағыт болып отыр.
Өнім сынамаларын жинауға және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге дейін Департамент пен оның аумақтық басқармаларының лауазымды тұлғалары құқықтық статистика органдарына тексерілетін объекттің орналасқан орны бойынша хабарлама береді. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін лауазымды тұлғалар өнім сынамаларын мемлекеттік органның қаражаты есебінен сатып алады және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады. Сынамаларды сатып алу барысында кәсіпкерлерде ешқандай шығындар болмайды.
Өнімді сатып алудың 2017 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес, жалпы соммасы 3 500 000 теңге көлемінде 252 сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде бақылаулы сатып алулар жүргізілген. 3600 астам тағам өнімдері мен халық тұтынатын тауар өнімдерінің үлгілері сатып алынды, олардың 479 — ы (13,1%) Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді. Тағам өнімдерінің 3072 үлгісі сатып алынды, олардың 322-і сәйкес емес болып табылған, бұл 11% құрайды. Халық тұтынатын тауар өнімдерінен 565 үлгі алынған, оның ішінде сәйкес келмегені – 157 немесе 28%. Микробиологиялық көрсеткіштерге оң нәтижелі сынамалардың үлес салмағы 36% құрап отыр, таңбалау бойынша кемшіліктер анықталған сынамалар көрсеткіші 71% құрап отыр.
Салыстырмалы талдау көрсеткендей, облыстың ішкі нарығының айналымындағы барлық сәйкес емес өнімдердің ішінде ең жоғары пайыз импорт өнімдеріне тиесілі болып отыр – 72%. Отандық өнімдер – 28% құрап отыр. Импорттаушы елдердің сәйкес емес өнімдерінің ара қатынасы келесідей: Қазақстан Республикасының өнімдерінен — 1700 үлгі алынды, оның ішінде сәйкес келмегені 130 үлгі, бұл 7,6% құрады, Ресей Федерациясының өнімдерінен — 1050 үлгі алынды, сәйкес келмегені 30 үлгі, 2,8% құрады, Беларусь Республикасының өнімдерінен — 37 үлгі алынды, сәйкес еместік анықталмады, Қырғызстан Республикасының өнімдерінен – 144 үлгі алынып, 84 үлгі сәйкес келмеді, бұл 58,3% құрады.
Халық тұтынатын тауарлардың, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келесі жұмыстар атқарылған. Балаларға арналған өнімдердің 193 үлгілері сатып алынды, оның ішінде сәйкес келмеген өнімдердің барлығы 101 немесе 52,3%. Адамның терісімен байланысқа түсетін киім, аяқ-киім өнімдерінің 68 үлгісі алынған, оның ішінде сәйкес келмегені 51 немесе 75%. Тауарларды таңбалау кезінде көбінесе мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттар, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ Еуразиялық одаққа мүше-елдер нарығындағы өнімдердің біріңғай таңбалары көрсетілмейді. Осы фактілердің барлығы тұтынушыларды жаңылыстырады, тұтынушы өнімді кім дайындағаны, оның құрамы мен сақтау мерзімі туралы қажетті ақпаратты ала алмайды. Бұндай өнімдердің басым бөлігі, бізге Қытай мен Түркиядан әкелінеді.
Өткен жылғы өнім қауіпсіздігі аясында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген өнімдерді сату жағдайлары бойынша 50 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, жалпы соммасы 3 млн. 600 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Объект басшыларына кемшіліктерді жою бойынша 108 нұсқама берілді. Облыс кәсіпкерлерінің басым көпшілігі кемшіліктерді жойды, 2017 жылы тек 7 объект кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналыспаған. Осы объектілердің материалдары сотқа жолданып, жұмысын тоқтату туралы шешімдер шығарылды: Тараз қаласындағы – «Тарго» супермаркеті ЖК Иловская А., «Куликовский» сауда үйі «А-NUR» Group ЖШС директор Онгарбаева М., Т. Рысқұлов атындағы ауданда – «Береке» дүкені ЖК Валитова Ж., Байзақ ауданында — ЖК Ж.Есенкулованың дүкені, «Аққу» дүкені ЖК Худайбергенова, Жамбыл ауданында – ЖК З.Асанбекованың дүкені, ЖК Нускабекованың дүкені,- деп баяндады Берік Құзарұлы.