2018 жылы АӘК жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларға кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыстың айырмасы ретінде отбасының әр мүшесіне төленді.
2019 жылдың 1 сәуірінен тәртіп өзгерді. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ы емес, 70%-на дейін көтерілді. Осыған орай, АӘК алуға 20 789 теңгеден төмен жан басына шаққандағы табысы бар отбасылар құқылы. АӘК 20 789 теңге сомасы мен жан басына шаққандағы табысының айырмасы ретінде тағайындалады, бірақ балаларға бекітілген түрде 20789 теңгеден төленді.
Ағымдағы жылдың 9 айында АӘК 35,5 мың отбасына тағайындалды, ол 179,5 мың адамды құрады. Ал АӘК орташа мөлшері 2,5 есеге өсті (2019 жылғы 1 тоқсан – 5246 теңге, 1.10.2019 жыл – 12935 теңге).
Барлық АӘК алушылардың жартысынан астамы көпбалалы жанұялар мүшелері (17 мың, 91,5 мыңнан астам адам).
Ағымдағы жылы бюджетте АӘК төлеуге 21,6 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 9 айда 67% немесе 14,5 млрд. теңге жұмсалды. (республикалық бюджеттен 20,0 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 1,6 млрд.теңге).
Жаңа тұрғылар. Негізгі ұстаным – мемлекет көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектеседі! Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға көмектеседі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.
Біріншісі – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көпбалалы аналардың материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау болып табылады және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады.
Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру.
Үшіншісі – барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну.
Бірінші. АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы көп балалы отбасылардан. Сондықтан көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады, орта есеппен әр баларға 10-11 мың теңгені құрайды, және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған жәрдемақының мөлшерінен 4-7 есе артық болады. Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау болады.
Екінші. АӘК аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады. АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы жылғы мөлшермен бірдей алатын болады.
Ең басты шарттардың бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін АӘК шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максималды қолданылады. Оларға бос жұмыс орындарға, мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарға жұмысқа орналасуды, өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро-кредит және қайтарымсыз гранттар алуды ұсынады.
Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу:
— микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;
— үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;
— тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала/ауыл) берілетін микрокредит сомасы бойынша шектеулерді алып тастау;
— аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микро-кредит, грант беру).
Бұның барлығы отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады.
Үшінші. Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.
- Мектепке жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері;
- Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу т.б.