2020 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы екі оқиғасы анықталды.
Дерт Атырау облысының Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейтін 1954 жылы туған Тараз қаласының тұрғынынан табылды. Ол 13 мамырда температураның жоғарылауына қатысты шағымданып, провизорлық стационарға жатқызылды. Коронавирусқа тексеру оң нәтиже берді.
Үй ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған 5 тұлға анықталып, карантиндік стационарға оқшаулау, зертханалық зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді, барлық эпидемияға қарсы шаралар қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі.
Екінші науқас-Жуалы ауданының 1981 жылы туған тұрғыны. Ол да Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейді. Бұрын анықталған науқастармен жақын байланыста болған адам ретінде карантиндік стационарға алынған. Тексеру кезінде оң нәтиже көрсетті.
Екі науқас та инфекциялық стационарға жеткізілді.
2020 жылдың 16 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы екі оқиғасы анықталды.
Бірінші науқас — Атырау облысының Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейтін 1986 жылы туған Жуалы ауданының тұрғыны. Науқас карантиндік стационарға оқшауланған. 15 мамырда материалдар алынып, оң нәтиже көрсетті.
Эпидемиологиялық тексеру барысында 20 жақын байланыста болған адам анықталып, карантиндік стационарға оқшауланды. Олардан алынған талдаулар нәтижелері теріс.
Екінші науқас – 1970 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны. 11 мамыр күні ол өзін әлсіздік, тәбеттің жоғалуына қатысты нашар сезініп, өзін-өзі емдеумен айналысқан. 15 мамырда жағдайы нашарлап, ентігу пайда болып, дене қызуы жоғарылаған. Жедел жәрдем бригадасымен инфекциялық стационардың провизорлық бөліміне жатқызылған. КВИ талдаулары оң нәтиже көрсетті.
Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыстағы бес адам анықталып, карантиндік стационарға оқшауланған. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.
2020 жылдың 17 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екі жаңа оқиғасы анықталды.
Инфекция Түркістан облысының 1995 жылы туған тұрғынынан табылды. Ол алыс қашықтыққа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс жасайды. 11 мамыр күні Ресей Федерациясынан Қазақстанға оралған кезде Павлодар облысындағы шекара бекетінде КВИ-ға тексеріліп, теріс нәтиже көрсеткен.
14 мамырда ол Жамбыл облысы Қарасу шекара бекеті арқылы Қырғыз Республикасына қарай шыққан. Кері қайту кезінде одан Қырғыз Республикасының мемсанэпидқадағалау мамандары алған талдау оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді.
Екінші науқас – Байзақ ауданының 1973 жылы туған тұрғыны. Ол нысаналы топтағы тұлға ретінде тексеруден өтіп, ауру расталған. Науқас өзінің ешқайда шықпағаның айтқан.
Жаңа жағдайлар бойынша байланыста болғандар анықталып, карантиндік стационарға оқшауланды. Ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
2020 жылдың 18 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы үш оқиғасы анықталды.
Инфекция 1989 жылы туған Тараз қаласы мен 1968 жылы туған Байзақ ауданының тұрғындарынан анықталды.
Үшінші науқас – Тараз қаласының 1938 жылы туған тұрғыны. Ол скрининг бойынша тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар науқас ретінде тексеруден өткен. Ол науқастармен байланыста болмағандығын және өңір аумағынан тыс жерлерге шықпағандығын айтқан.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Ал олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, үй карантиніне оқшауланды. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді.
2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 206 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 93 жағдай, Байзақ ауданы бойынша – 27, Жамбыл ауданы бойынша – 6, Қордай ауданы бойынша – 45, Меркі ауданы бойынша – 6, Шу ауданы бойынша – 2, Мойынқұм ауданы бойынша – 1 жағдай.
Сондай-ақ, Дели – Тараз рейсінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасынан 22 оқиға анықталған.
Барлық сырқаттанғандардың 140-ы дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.