Жамбыл облысы Полиция департаментінің құрама командасы жауынгерлік самбодан өткен облыс біріншілігінде командалық бірінші орынды жеңіп алды. Атап айтқанда, 68 келі салмақта Ерлан Махмутов 1-орынға, Нұрлыбек Сатылғанов және Бахытхан Жанқоев 3-орынға ие болды, ал 74 келі салмақта Нұрдәулет Сатылғанов 2-орынды, 90 келі салмақта Әлібек Аманжол 1-орын және Мұрат Айдаралиев 3-орынды иеленді, сондай-ақ 100 келі салмақ дәрежесі бойынша Мейрамбек Алматов пен Қуат Тоқтасын 2-орын, Самат Қасымбеков 3-орын тұғырынан көрінді.
Осылайша, Жамбыл облысының құрама командасына қабылданған полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы сәуірдің 4-8 күндері аралығында Семей қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
Аталған қызметкерлердің жеңіске жету жолында еңбек етіп, жарысқа дайындаған Полиция департаментінің Арнайы даярлық басқармасының бастығы Ғалым Тайшапов бастаған, қызметкерлері Ержан Баймұратов пен Мұрат Айдаралиевтердің қосқан үлесі зор.
Біз де әріптестерімізді жеңіспен құттықтай отырып, алдағы республикалық жарыста сәттілік тілейміз!
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ