1993 жылдың 15 қарашасы төл валютамыз және қаржыгерлер күні деп белгіленген болатын.
Осы айтулы күнге орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл облыстық филиалы теңгенің 25 жылдығына орай «Не? Қайда?Қашан?» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды.Ойынға Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің , Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің, Тараз Мемлекеттік Университетінің студенттерінен құралған топ қатысты.
Алғашқы құттықтау сөзді алған ҚР ҰБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Шарыгин Евгений теңгенің 25 жылдығымен құттықтап,ойыншыларға сәттілік тіледі.
Ойын 2 бөлімнен тұрды.Алғашқы бөлімде қатысушыларға теңге,ақша,әлемдік валютаға байланысты сұрақтар қойылды.Сұрақтар күрделілігіне байланысты 10-50 аралығындағы ұяшықтардан құралды.
Негізгі екінші бөлімде ойыншылар банк қызметкерлерінің дайындаған сұрақтарына жауап берді.
Нәтижесінде Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің командасы III орын,Тараз Мемлекеттік Университетінің командасы II орын , Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің командасы I орын иеленді.Барлық қатысушыларға сертификаттар мен коллекциялық монеталар берілді.Ең маңыздысы банк қызметкерлері ойында алғырлығымен,жылдамдығымен көзге түскен үздік білімгерлерді жұмысқа шақырып,сертификаттар табыстады.
Нүсіпжанов Ерсұлтан