Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, сондай – ақ, сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады.
Судья істі сот өндірісіне қабылдау туралы ұйғарымды қабылдағаннан кейін, сот отырысының хатшысы келесі күннен кешіктірмей істің мұқабасын ашып, құжаттардың тізімдемесін жасайды.
Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша сот отырысының хатшысы процеске қатысушыларды қорғаушылар мен прокурорды, сот ісіне қатысты тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын жібереді. Соттың шақыру кағазында сот отырысының өтетін уақыты (сағаты, күні) мен орны көрсетіледі.
Сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағаздарының алынғанын куәландыратын қолхаттардың қайтарылуын, ұялы байланыс абоненттік нөмірі бойынша, электрондық адрес бойынша, «Төрелік» арқылы жіберілген электрондық хабарламалардың жіберілуін бақылайды.
Іс қаралғаннан кейін сот отырысының хатшысы сотқа шақырылған адамдардың жұмысқа уақтылы жеткенін бақылауды қамтамасыз ету үшін шықару қағаздарында белгі қояды, осы белгіні өзінің қолымен және соттың мөртаңбасымен куәландырады. Сот отырысының хатшысы ic қаралып, сот актілері шығарылғаннан кейін:
қылмыстық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс.
Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін;
Құжаттарды іске хронологиялық тәртіп бойынша тігеді;
Істің парақтарын нөмірлейді және өзінің қолтаңбасын қойып, істегі материалдардың тізімдемесін жасайды немесе бар тізімдемені жалғастырады;
Сот отырысының қысқа хаттамасына дыбыс-, бейнежазба дискісін қоса тіркейді, ол іспен бірге сақталады;
Сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін атқару құжаттарын, орындауға жібереді;
Егер сот бұлтартпау шарасы ретінде сотталушыға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхатты таңдаса немесе бұрын таңдалған қамауға алу бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы колхатына өзгертсе, сотталушыдан осындай қолхатты алады;
Егер сотталушы айыппұлдан басқа, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға кесілген болса, сотталушыдан қылмыстық-атқару инспекциясына келу туралы қолхат алады;
Сот ісіне қатысушыларға заңды күшіне енбеген сот актілерінің көшірмелерін береді;
Сырттай шешім шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірмей сот отырысына қатыспаған жауапкер мен талапкерге, тапсырылғандығы туралы хабарландырумен бірге оның көшірмесін жібереді;
Үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктермей үкімнің көшірмемін сотталушыға (ақталғанға, қорғаушыға және айыптаушыға) табыс етеді;
Тергеу изоляторының әкімшілігіне қамауға алынған адамдардың саны бойынша сот актілерінің көшірмелерін (2 данада) жібереді;
Хаттамалардың электрондық мазмұнын енгізуді, есепке алу құжаттырының байланыстырылуын қамтамасыз етеді;
Сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап үш күндік мерзімде оны орындау үшін жөнелту жөнінде әрекеттер жасайды және белгіленген тәртіппен ресімделген істерді соттың кеңсесіне өткізеді.
Сотқа сот актілерінің орындалуына байланысты мәселелерді қарау үшін түскен материалдар, материалдарға арналған электрондық журналдың есепке алу құжатында тіркелуге жатады. Шығарылған қаулының көшірмесі үкімді шығарған сотқа мәлімет үшін жіберіледі.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы — Қ.Ә.Оразбек.