Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «№9 балабақша» МКҚК «Отаным – тағдырым» атты фестиваль өтті.
Шараға басты қонақтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орталық басқармасының «Отаным тағдырым» базалық бағытының менеджері Л.А.Барон және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Г.Үсіпбекова қатысты. Фестивальді өткізудегі мақсат – рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру; ата – ана мен балалардың, балабақша қызметкерлерінің арасындағы байланысты көрсету болды. Шарада балалар туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп «Сарыжайлау», «Торсық» билерін билесе, бірі патриоттық ой — саналарының қалыптасқанын көрсетіп «Нұр Отан» әнін орындап, қошеметке бөленді. Сондай-ақ жиында келе жатқан мерекелер де ескерусіз қалған жоқ. Мәселен,«Тәуелсіздік» күні, «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнап балалар үш тілде тақпақтар оқып, «Тәуелсіз елдің ұраны» атты ән орындап, «Бәйтерек» қойылымын көрсетті.
Осындай шараны ұйымдастырып, балабақша мен отбасы арасындағы байланысты көрсете білген әдіскер Г.П.Жусупова, тәрбиеші Л.В.Швырева, орыс тілі мұғалімі Н.А.Свамбаева, музыка жетекшілері С.Ж.Муқанова, Қ.Мұхатайқызы, қазақ тілі мұғалімі Ж.А.Отошева, хореограф О.В.Шаяхметова, А.Карантавтың жұмысын да айта кету керек.
Бір айта кететіні, фестивальға балабақшаның ата анасы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан барысы Бейбіт Ыстыбаев белсене қатысты. Ол балалармен «Кім күшті?» білек сынасу ойынын өткізіп, салауатты өмір салты дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ақ жол тіледі.
Балабақшадағы көп ұлтты балалар арасындағы достықты, ұлттық бірегейлікті көрсету мақсатында «Достық» композициясы орындалып, фестивальдың соңы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.
TURANINFO.KZ