Бүгін Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов Таразда белсенді үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесті деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
Кездесуге өңір басшысымен қатар орынбасары Ерқанат Манжуов, мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, Қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібайұлы, «Ардагерлер ұйымы» облыстық филиал төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Жамбыл облыстық Азаматтық Альянс» ЗТБ президенті Заиджан Юлдашев және белсенді үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуге 20-ға жуық сауалдар жолданып, мүдделі басшыларға жауап берілді. Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде мүгедек жандарға арналған «проездной» мәселесін Нұрлан Ақбаев көтеріп, Тараз қаласы әкіміне тез арада шешу жолдарын табуын тапсырды. Өйткені, зағип, көзі-көрмейтін жандарға қоғамдық көлікте ақша санау ыңғайсыздық тудырады.
— Билік пен халық арасында көпір болатын – үкіметтік емес ұйымдар. Жалпы бұл жиынға дайындалғанда бүгінгі мәселені көтеріп ғана қоймай, ойларымыздың бір жерден шығып жатқаны қуантады. Мәселе көп екендігі белгілі. Бір кездесуде барлық проблеманы қарап шығу мүмкін емес, жұмыс деңгейі ары қарай жоғарылай береді деп сенемін – деп сөзін түйіндеді Асқар Исабекұлы.
Бұл ретте облыс əкімі мен үкіметтік емес ұйым басшыларының алғашқы кездесуі қоғам дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтардың жұмысына жаңа серпін береді деп сенеміз.