Мемлекеттік қызмет – тұрақтылық, өсім, болашақ
Жас мамандарды мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 22 қарашасында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бірқатар өңірлік мемлекеттік органдарында М.Х. Дулати ТарМУ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған «Ашық есік күнді» өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметті насихаттау, болашақ мамандығына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жастарды мемлекеттік басқаруға тарту, белсенділіктерін арттыру, болашақ маман ретінде кәсіби дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің ашықтығын қамтамасыз ету.
Студенттердің бірінші тобы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне барып, онда Департамент қызметшілері оларды әр басқарма жұмысымен таныстырып шықты.
Екінші және үшінші топ Тараз қалалық маслихаты және Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмыс барысымен танысты. Төртінші студенттер тобы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеу қызметіне жіберіліп, құқық қорғау қызметінің жұмысымен таныстырылды. Осылайша, студенттерге арнап әрбір қызмет құрылымына экскурсия ұйымдастырылды.
Департамент осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп тұратындығын атап өту қажет.
Бұдан ары қарай М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Департамент басшысы Нәлібаев М.Ы., ТарМУ ректоры М.Н. Сарыбековтың және профессорлар мен ұсатаздардың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет — абыройлы міндет» атты тәжірибелік конференция өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мүмкіндіктері (халықаралық тәжірибелерді ескере отырып), жас мамандарды тарта отырып мемлекеттік аппараттың кәсібилендіру мүмкіндіктері талқыланды.
TURANINFO.KZ