Бүгін Тараз қаласы «Айбек Арена» кешенінде Арзымбетовтер әулеті мен Тараз қалалық №2 сотының ұйымдастыруымен білікті банк қызметкері, саланың үздік маманы, белгілі әуесқой футболшы Темірлан Исмаділдәұлы Арзымбетовты еске алу мен Астана қаласының 20 жылдығына орай облыстық кіші футбол турнир өтті. Турнирге «Аса» мөлтек ауданынан 3 команда, Жуалы ауданынан 2 команда, Байзақ ауданынан, Жамбыл ауданы, Бірлесу Еңбек аулының құрамасы, «Бином», «Альтаис» секілді 25 команда бақ сынасты. Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқа сот төрағасы Нұрмахамат Абидов турнирдің басталуымен құттықтап, жастардың салауатты өмір салтына қалыптастыруға әсер тигізетіндігін туралы айтты.
— «Бұл турнирді 3 жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізудеміз. Қаражатымыз асып — тасып жатқандықтан емес, Темірлан ағамды еске алып, бірге футбол ойнаған достарын жинау болып табылады. Жарыс болғандықтан қаржылай сыйлықтар мен ауыспалы кубок тапсырылатын болады. Биылғы жылға жаңалығымыз болып «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» атты арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталмақ» — деп мәлімдеді Әлия Исмаділдәқызы.
Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Байзақ ауданының «Байзақ» командасы, ІІ орында «Альтаис» командасы, І орын мен ауыспалы кубокты «КНБ» командасы жеңіп алды.
TURANINFO.KZ