Таразда ағымдағы жылдың 27-28 қараша аралығында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының тарихи мəдени ескерткіштерді қорғау жəне қалпына келтіру дирекциясының ұйымдастыруымен «Əулиеатаның киелі жерлері» атты экспедициясы өтеді. Экспедицияға «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына белсене атсалысып жүрген «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы, белгілі саясаттанушы,журналист, қоғам қайраткері Əміржан Қосанов, мемлекет жəне қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым, Жуалы, Талас аудандарының құрметті азаматы Мақұлбек Рысдаулет қатысады. Экспедиция аясында шақырылған қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел жəне бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізіледі. Сондай-ақ қонақтар Жамбыл облысы аумағындағы киелі жерлер мен мəдени орындармен танысады.
TURANINFO.KZ